Джаксыбеков Адильбек Рыскельдинович

25 February 2017
Лауазымы: Құрметті Вице-Президент

Қазақстан Республикасының мемлекет қайраткері, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы, Экономика ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Республикасы Жеңіл атлетика Федерациясының Президенті, Қазақстан Триатлон Федерациясының Құрметті Президенті.    

Белсенді түрде спортпен айналысады: триатлон, футбол, велоспорт, марафондық жүгірудің қатысушысы.   

Қазақстандағы дене шынықтырудың дамуына қолдау көрсетеді.  

 БІЛІМІ:

1977 жылы Бүкілодақтық мемлекеттік кинематография институтының экономика факультетін (Мәскеу қ.) бітірді, 1987 жылы Плеханов атындағы Мәскеу халық шаруашылығы институтында «материалдық-техникалық жабдықтауды ұйымдастырушы» мамандығы бойынша қайта даярлаудан өтті.      

 ЖҰМЫС ТӘЖІРИБЕСІ:

Қазақ ССР Мемкино және Мемжабдықтау жүйесінде жұмыс істеді, бірқатар кәсіпорындарда басшы болды.  

1988-1995 жж. – «Цесна» көпсалалы корпорация басшысы.

1995 жылы Қазақстан Республикасы Праламентінің сенатына сайланды.  

1996 жылы Ақмола облысы Әкімінің Бірінші орынбасары боп тағайындалды.  

1997-2003 жж. – Астана қ. әкімі.

2003-2004 жж. – Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрі.

2004-2008 жж. – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшысы.

2008 жылдың қаңтар-қазан айлары – «Нұр Отан» Халықтық-демократиялық партиясы Төрағасының 1-ші орынбасары – Қазақстан Республикасы Президентінің Кеңесшісі.

2008-2009 жж. – Ресей Федерациясындағы Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі.  

2009-2014 жж. – Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрі.

2014 жылғы сәуір-қазан айлары – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы.  

2014-2016 жж. – Астана қ. әкімі.  

2016 жылғы 21 маусымда Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы боп тағайындалды.  

МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ НАГРАДАЛАР:

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.

Ордендері: «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев», «Барыс» I, II және III дәрежелі, III дәрежелі Данышпан Ярослав князінің ордені (Украина) және медальдар.


Сайыстар күнтізбесі