Масимов Карим Кажимканович

24 February 2017
Лауазымы: Қазақстан триатлон федерациясының Президенті

ҚР Тай боксы федерациясының президенті,

Дүниежүзілік муай-тау қауымдастығының вице-президенті (WMC),

Азиялық муай-тау федерациясының президенті (FAMA),

Халықаралық муай-тай федерациясының вице-президент (IFMA),

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы. 

Халықаралық құқық жөніндегі маман, экономист, экономика ғылымдарының докторы. Орыс, ағылшын, қытай және араб тілдерін меңгерген. Белсенді түрде спортпен шұғылданады: тау және жүгіру шаңғысы, тауға шығу, альпинизм және гольф. Қазақстанда және де халықаралық аренада триатлон мен тай боксының дамуына қолдау көрсетеді. Үйленген, жұбайымен екі баланы тәрбиелеуде.     

Патрис Лумумба атындағы Халықтар достығы университетін, Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ Экономика университетін, Қазақ мемлекеттік басқару академиясын бітірді. Ухань заң және Колумбия университеттерінде тағлымдамадан өтті, Бейжің тілдер университетінде қытай тілін үйренді, ҚазМБА аспирантурасын және Мәскеу мемлекеттік технология академиясын тәмамдады.        

Әр түрлі жылдары «АТФ-Банк», «Тұранбанк», «Қазақстан Халық жинақ банкі» Басқарма Төрағасы ретінде қызмет етті. Қазақстан Көлік және коммуникация министрі, Қазақстан Премьер-министрі, Қазақстан Президентінің көмекшісі, экономика және бюджеттік жоспарлау министрі, ҚР Президенті әкімшілігінің басшысы, ҚР Мемлекеттік хатшысы м.а. лауазымдарын атқарды.      


Сайыстар күнтізбесі