Аян Бейсенбаев Иорданияда өткен Азия Кубогінде жүлдегер атанды

6 November 2018

Азия ойындарының күміс жүлдегері, ҚР чемпионы Аян Бейсенбаев Иорданияда өткен Азия кубогіндегі Elite санатында «қола» және U23 санатында «күміс» жүлделерді жеңіп алды. Аян «спринтерлік» қашықтықты 56 минут 28 секундта бағындырып, жеңімпазға 15 секунд ұтылды. Elite санатында канадалық Майкл Лори (Michael Lori) 56 минут 13 секунд нәтижесімен көш бастаса, 56 минут 21 секунд нәтижесі үшін германиялық Янник Шауфлерге (Jannik Sсhaufler) «күміс» табысталды.

59 минут 12 секунд нәтижесімен Дарын Қонысбаев 19-шы орында жарысты аяқтады. Ал Семен Пивоваров 01 сағат 15 секунд уақытымен 22-ші орыннан көрінді.

Сонымен қатар, бүгін Тхонъенгте өткен Әлем Кубогінде додаға түскен Арина Шульгина техникалық себептерге байланысты мәреге жете алмад


Reitiñ köşbasşylary
Saıystar kúntizbesi