Аян Бейсенбаев Америка Кубогінің кезеңінде күміс жеңіп алды

27 February 2019

Триатлоннан ұлттық құрама команда мүшелері Аян Бейсенбаев, Мейрлан Искаков пен Темирлан Темиров Солтүстік Америкада оқу-жаттығу жиынында жүруімен қатар, 23 ақпанда Кубаның Гавана қаласында өткен құрлықтық Америка кубогінде додаға түсіп, айтарлықтай жақсы нәтиже көрсетті.

 «Стандартты» қашықтықты 1 сағат 52 минут 2 секундта бағындырған Аян Бейсенбаев күміс жүлдеге ие болды. Мейрлан Искаков 1 сағат 53 минут 16 секунд нәтижесімен жетінші болып мәреге жетті. Темирлан Темиров болса жиырмасыншы нәтиже көрсетті – 1 сағат 56 минут 39 секунд.

Айта кетерлік жайт, аты аталған спортшылар Ақмола облысының өкілдері болып табылады.

Спортшыларымызды маусымды сәтті бастамаларымен құттықтап, жаңа жеңістер тілейміз!

 


Reitiñ köşbasşylary
Saıystar kúntizbesi