Александр Винокуров Ниццада Ironman 70.3 чемпионы атанды

9 September 2019

Кеше француздың Ницца қаласында «жартылай темір» атанып кеткен қашықтықта Ironman 70.3 World Championship әлем чемпионаты өтті. Триатлон спортындағы атақты трассалардың бірін жүріп өту үшін әлемнің түрлі аймақтарынан 5000 спортшы жиналды. Олардың арасында біріншіліктің жүлделі орындарынан үміткер қазақстандық спортшылар да бар еді.

Біздің отандастарымыздың арасында ғана емес, М45-49 жас тобындағы 507 сайыскерлер арасында да үздік нәтиже көрсеткен Қазақстандық Триатлон Федерациясының құрметті мүшесі, Олимпиада чемпионы Александр Винокуров болды. Ол жалпы қашықтықты 4 сағат 28 минут және 47 секундта бағындырды. Бұл осы чемпионатқа қатысқан 5000 спортшы арасында 92-ші нәтиже болды.

Қазақстандық триатлонның «Гауһар леди» атанып кеткен Каилуа-Конадағы Ironman 140.6 Әлем чемпионтына қатысқан әрі әуесқойлар арасында Қазақстан чемпионы Нағима Керімбаева өз жас тобында 81-ші нәтиже көрсетті. Оның нәтижесі 5 сағат 44 минут және 40 секундты құрады.

35 пен 39 жас аралығында сайысқан Алексей Сидоренко 5 сағат 10 минут және 32 секунд уақытымен мәреге жетті. Осы санатта қашықтықты бағындырған Байжан Канафин 5 сағат 19 минут 33 секунд уақыт көрсетті. Тағы бір қазақстандық Жанболат Қадыров 5 сағат 44 минут 37 секундта мәреге жетті.

Бұл доданың тағы бір қызықты жаы болды. Мұнда триатлоннан екі дүркін Олимпиада чемпионы, 2009 және 2011 жылдардағы абсолютті әлем чемпионы Алистэр Браунли (Aistair Brownlee) кәсібилер санатында өнер көрсетті. Ол 3 сағат 55 минут 19 секунд мәреге жетіп, күміс жүлдегер атанды. Бірінші орынды Әлемдік серия рейтингінде 9-орында тұрған норвегиялық Густав Иден (Gustav Iden) жеңіп алды. Ол Браунлиден 2 минут 25 секундқа озып шықты. Кәсіби ер спортшылар арасындағы үздік үштікті Ironman 70.3 Еуропаның екі дүркін чемпионы американдық Родольф Вон Берг (Rodolphe Von berg) 3 сағат 56 минут 45 секунд нәтижесімен тұйықтады.

Кәсіби «темір» әйелдер арасында төрт дүркін Ironman 140.6 әлем чемпионы және бес дүркін Ironman 70.3 әлем чемпионы әйгілі Даниела Риф (Daniela Ryf) жеңімпаз атанды. Ол Ниццада 4 сағат 23 минут 04 секунд нәтиже көрсетті. Екінші орынды 2016 жылғы Ironman 70.3 Mooloolaba чемпионы болған бриатндық Холли Лоренс (Holly Lawrence) екінші орын алды. «Қола» жүлде 4 сағат 28 минут 10 секунд нәтижесі үшін Симмондс Имодженге (Simmonds Imogen) табысталды.


Reitiñ köşbasşylary
Saıystar kúntizbesi