BI Group Ironman 70.3 Astana баспасөз конференциясы

11 July 2019

Күні: сенбі, 13 шілде 2019 жыл

Уақыты: 15:00 сағ.

Өткізу орны: Нұр-Сұлтан қ., Сауран к-сі, 46, «Hilton Astanа» қонақүйі, 2-конференц зал

2019 жылдың 14 шілдесінде әлемнің 50 елінен 1400 спортшы BI GROUP IRONMAN 70.3 АСТАНА ТМД мен Орталық Азиядағы екінші IRONMAN 70.3 триатлон жарысына жиналады. Бұл жылғы BI GROUP IRONMAN 70.3 ASTANA жарысының ерекшелігі Pro (кәсібилер) санатындағы спортшылардың қатысуы болып табылады. Жарысқа тек қана әуесқой ғана емес, сонымен қатар PRO лицензиясы бар триатлеттер де Қазақстан астанасына келді. Олардың арасында Тим Дон, Радка Кальфельт, Нильс Фромхолд, Даниил Сапунов, Алексей Калистратов және тағы басқалар бар.

Баспасөз конференциясы барысында:

- қатысушылар туралы, Pro категориясындағы спортшылар туралы;

- Қазақстандағы триатлонның дамуы жайында;

- жуырдағы триатлонның даму жоспарлары туралы сөз қозғалады.

 

 

Аккредитация бойынша байланыс нөмірі:

«BI GROUP IRONMAN 70.3 ASTANA» PR менеджері

Ақбота Нұрман

Тел: 87027773860

E-mail: akbota.nurman@gmail.com

 

Фото: BI GROUP IRONMAN 70.3 ASTANA ұйымдастыру комитеті

 

 


Reitiñ köşbasşylary
Saıystar kúntizbesi