Арина Шульгина Сокчодағы Азия Кубогі кезеңінде алтын жеңіп алды

20 August 2018

Оңтүстік Кореяның Сокчо қаласында триатлон бойынша «ASTC Sokcho Asian Cup 2018" Азия Кубогының кезеңі өтті. Жапония, Оңтүстік Корея, Испания, Автралия, Гонконг, Тайбей, Иордания, Жаңа Зеландия мен Қазақстаннан келген 113 атлет «спринтерлік» қашықтықта жүлделі орындарға күресті. Әйелдер арасында 01 сағ. 01 мин. 31 сек нәтиже көрсетіп, жапондық және австралиялық атлет қыздардан озып шыққан біздің спортшымыз Арина Шульгина жеңіске жетті. Ал ерлер арасында жапондық спортшылар ең мықтысы болып шықты. Бұл санатта қазақстандықтар арасында үздік нәтиже көрсеткен (57 мин 48 сек) Аян Бейсенбаев болды. Арина Шульгина мен бапкерлерді жеңіспен құттықтаймыз!⠀


Reitiñ köşbasşylary
Saıystar kúntizbesi