«TEMIRADAM» Кубогі Финалы қатысушыларына брифинг

18 September 2019

«TEMIRADAM» Кубогі Финалы қатысушыларының назарына!

Брифинг 21 қыркүйекте Ақтау уақытымен сағат 18.00-де болады.
Мекен-жайы: Ақтау қаласы, 34 ықшам ауданы, 1/1, Қазақстан Халқы Ассамблеясы.

Еске сала кетейік, әрбір спортшы брифингке қатысуға міндетті. Брифингке қатыспаған немесе 5 минуттан аса уақытқа кешіккен спортшыларға сөрелік қалталар берілмейді және жарысқа жіберілмейді. Брифингке 5 минутқа дейін кешіккен жағдайда 15 секунд уақыттық айыппұл салыналды.
Брифингке және ресми іс-шараларға алдын-ала тіркелген спортшылар ғана қатыса алады.
Сөрелік нөміріңізді алу үшін жеке куәлігіңіздің түпнұсқасын немесе ҚТФ лицензиясын көрсетуіңіз қажет. Сөрелік нөмірлер бөгде кісілерге берілмейді.

Сонымен қатар, осы сайыста дрфтингке тыйым салынғандығын ескертеміз. Шосселік, таймтриалды велосипедтер мен маунтинбайктерді пайдалануға рұқсат етіледі. Жалпы қашықтықты бағындурыға 8 сағат 30 минут уақыт беріледі.


Reitiñ köşbasşylary
Saıystar kúntizbesi