Даниил Зубцов Жазғы Жасөспірімдер Олимпиадасында мәреге жетті

9 October 2018

Кеше Аргентина астанасы Буенос Айресте Жазғы Жасөспірімдер Олимпиада Ойындарының аясында триатлон бойынша жарыс өтті. Жарысқа әлемнің 43 елінен келген ер және әйелдер санатындағы 33 спортшы қатысты. Спортшылар «спринт» қашықтығында сынға түсті.

Қазақстанның намысын қорғаған Даниил Зубцов 59 минут 20 секунд нәтижесімен 26-шы болып мәреге жетті.

Ерлер арасында Жаңа Зеландиядан келген Дилан Маккалоу (Dylan Mccullough) 53 минут 27 секунд нәтижесімен  бірінші орынды иеленді. Екінші орынды португальдық Александре Монтес (Alexandre Montez) 53 минут 39 секунд нәтижесі үшін иеленді. 53 минут 45 секундта мәре сызығын кескен итальяндық Алессио Кроциани (Alessio Crociani) қола жүлдеге лайық деп танылды.

Әйелдер арасында алтын медаль 58 минут 45 секунд нәтижесі үшін Оңтүстік Африкадан келген Эмбер Шлебушке (Amber Schlebusch) табсталды. Ал күміс жүлдені даниялық Сиф Бендик Мэдсен (Sif Bendix Madsen) 58 минут 45 секунд уақыты үшін иеленді. 59 минут 36 секундта мәреге жеткен швейцариялық Аня Вебер (Anja Weber) үшінші орыннан көрінді.

Бұл халықаралық биік деңгейдегі Даниил үшін алғашқы жарыс екенін ескере кеткен жөн. Осындай жарыстардан жинаған мықты тәжірибесі жас спортшымызды келешек үлкен жеңістерге жетелейді деген үміттеміз.


Reitiñ köşbasşylary
Saıystar kúntizbesi