Нағыз триатлон мерекесіне бірге қатысайық!

7 February 2019

Біз жүргізген сауалнама нәтижесінде, Қазақстандық Триатлон Федерациясының бастамасымен өткізілетін барлық жарыстарға қатысушы триатлеттеріміздің жақындары мен жанкүйерлеріне арнап жүгіру жарыстарын ұйымдастыруды ұйғардық! Бұл жарыстар ендігіде “TEMIRADAM Challenge” атауымен жүргізілетін болады!

Үстіміздегі жыл бойы Сіздердің жанкүйерлеріңіз TEMIRADAM отбасының мүшесіне айналып, ұпайлар жинап, осы серияның жеңімпазы атана алады. Серия қорытындысы 21-22 қыркүйекте ақмаржан Ақтауда “TEMIRADAM” Кубогі мен “TEMIRADAM Challenge” сериясының ақтық сайыстары кезінде шығарылатын болады.

“TEMIRADAM Challenge” жүгіру жарыстарының сериясына жасы 18-ге толған спортсүйер жандар қатыса алады!

“TEMIRADAM Challenge” бірінші сайысы қысқы триатлоннан ҚР Чемпионаты аясында – 24 ақпанда Триатлон паркте өткізілмек.

Сөрелік жинақтың құны – 5 000 теңге. Сөрелік жинақ құрамына мәрегер медалі, ҚТФ логотипі бейнеленген бафф және қатысушы нөмірлері кіреді.

Сайыстарға тіркелу жақын арада www.triathlon.org.kz сайтында қолжетімді болады.

 


Reitiñ köşbasşylary
Saıystar kúntizbesi