“TEMIRADAM Challenge” рейтингтік жүйесі уақытша тоқтатылды

3 April 2019

Маусым басында ҚТФ бастамасымен өткізілетін жарыстар аясында триатлоншыларымыздың жақындары мен жанкүйерлеріне арнап “TEMIRADAM Challenge” жүгіру жарыстарының басталатындығын хабарлаған болатынбыз. Әуелгіде “TEMIRADAM Challenge” жүгіру жарыстары сериясының өз рейтингтік жүйесі болады және 21-22 қыркүйекте Ақтау қаласында абсолютті жеңімпаздар анықталады деп жоспарланған болатын. Дегенмен, бірінші “TEMIRADAM Challenge” жүгіру сайысын өткізгеннен кейін ұйымдастыру комитеті рейтингтік жүйені қалыптастыруда біршама қиындықтарға кезікті. Осыған орай, ұпайларды есептеу мен рейтинг қалыптастыру уақытша тоқтатылуы туралы шешім қабылданды.

Барлы спорт сүйер қауым өз күшін сынап көре алатын “TEMIRADAM Challenge” сайысының келесі кезеңінің өтетін орны туралы міндетті түрде хабарлайтын боламыз! Жаңалықтарымыздан қалыс қалмаңыз!

 


Reitiñ köşbasşylary
Saıystar kúntizbesi