Таразда «TEMIRADAM» Кубогінің ІІ кезеңі мәресіне жетті

12 May 2019

Бүгін еліміздің ең көне қалаларының бірі Тараздың «спринтерлік» қашықтығын  «TEMIRADAM» Кубогінің ІІ кезеңінің қатысушылары сынап көрді. Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент және Ташкент, сонымен қатар Алматы, Қарағанды, Павлодар және Жамбыл облыстарынан келген 25 Age Group санатындағы спортшылар мен 1 эстафеталық команда «TEMIRADAM» Кубогі аясында рейтингтік ұпайларды ойнатты. Бұл доданың өз ерекшеліктері болды: биылғы маусымдағы «триатлоннан» болған алғаш сайыс және онда тек қана ерлер сынға түсті.

Максим Мазур (Алматы) мен Андрей Шарипов (Ташкент) арасында бұл кезеңнің абсолютті жеңімпазы атағы үшін болған талас ерекше болды. Егер жүзу және вело кезеңдерде М.Мазур көш бастаса, жүгіру кезеңінде А. Шарипов есе жібермеді. 1 сағат 3 минут 38 секунд нәтижесімен Андрей Шарипов абсолютті жеңімпаз атанды. Сайыс күнінің екінші нәтижесі Максим Мазурға тиесілі болы – 1 сағат 5 минут 20 секунд. Абсолюттік есептегі үшінші нәтижені Максим Мжельский (Алматы) көрсетті – 1 сағат 9 минут 28 секунд. Сынға түскен жалғыз эстафеталық «TARAZ» командасы 1 сағат 27 минут 12 секунд уақыт көретті. Аталған спортшылардың әрқайсысы өз жас топтарында жүлделі бірінші орындарға ие болғанын атап өткен жөн.

Сайыс нәтижелерімен www.triathlon.org.kz сайтынан таныса аласыздар.


Сайыстар күнтізбесі