Аймақтардың жұмыс нәтижесі - Тамыз

4 September 2018

Тамыз айында Алматы Триатлон Федерациясы "Almaty Asian Cup 2018" халықаралық сайысын өткізді. Бұл сайыстың өз деңгейінде өтіп, Сайран көлінің жағасында екі күндік триатлон мерекесін ұйымдастыруға жергілікті федерация айтарлықтай көп жұмыс атқарды. Сөйтіп, Алматы үшін 4-5 тамыз тарихи күндерге айналды, құрлықтық сайыстарды өткізуге жауапты Азия Триатлон Конфедерациясының (ASTC) жыл сайынғы күнтізбесінде Алматы өз орнын ойып тұрып алды.

Бірінші күні әлемнің 16 елінен келген Elite санатындағы 51 спортшы қатысса, екінші күні Қазақстанның 9 аймағынан келген Age Group санатындағы 159 спортшы бақ сынады. ASTC халықаралық техникалық делегаттары, сайыстың ұйымдастырылу деңгейіне жоғары баға берді.

11-12 тамызда Павлодарда ҚР Кубогі аясында Elite санатындағы спортшылар мен «TEMIRADAM» Кубогі аясында Age Group санатындағы спортшылар қатысқан жарыстар өткізілді. Бірінші жарыс күні сөреге Elite санатындағы 50 спортшы шықса, екінші жарыс күні Age Group санатындағы 31 спортшы сайысты. Сайыстың аяқталуымен сайыскерлер мен жанкүйерлер ұйымдастыру деңгейіне көңілдері толғандығын жеткізіп жатты.

Бұл жарыстар қос федерацияға да халықаралық және республикалық сайыстарды ұйымдастырудағы жұмыстарының бастамасы ғана екендігіне, сонымен қатар, салауатты өмір салтын насихаттау мен триатлонды дамытуға бағытталған жұмыстарды тыңғылықты орындайтындығына кәміл сенеміз.


Reitiñ köşbasşylary
Saıystar kúntizbesi