ITU және IRONMAN тарихи ынтымақтастыққа келісті

20 February 2017

Триатлон халықаралық одағы (ITU) және IRONMAN 2017 жылғы 30 қаңтарда триатлонды әрі қарай дамыту және оның танымалдығын ұлғайту үшін тарихи ынтымақтастыққа келіскендігін хабарлады. АҚШ, Флорида штаты, Тампідегі IRONMAN штаб-пәтеріндегі бірнеше кездесуден кейін, екі ұйымның басшылары, ITU президенті-ХОК мүшесі Марисоль Ксадао мен IRONMAN президенті Эндрю Мессикті қоса алғанда, бірнеше жылғы бірлескен жұмыстың шарықтау шегі болып табылатын тарихи келісімге келді. Өзара түсіністік туралы меморандумға екі жақ та қол қойды, мұнда түйінді басымдықтар қағидаларды стандарттауға, допингке қарсы күресте әрі қарай ынтымақтастыққа, ұлттық федерациялармен қарым-қатынасқа, санкциялардың қолданылуына, сондай-ақ әуесқой-спортшылар арасында триатлонды дәріптеу үшін бірлескен маркентингтік бастамаға бағытталған.

«Біздің ITU-мен ынтымақтастығымыз триатлонның танымалдығының әрі қарай үздіксіз өсуі үшін маңызы зор», - деп атап өтті Мессик. «Біздің мақсатымыз ортақ, соңғы жылдары бірге жақсы қызмет еттік және ITU басшылығының сеніміне ие болдық. Бізді осы кезеңге дейін жеткізген табысты келіссөздер триатлонды әрі қарай жылжыту үшін негіз болып табылатына мен сенімдімін».

«Триатлонды дамытудың ең үздік тәсілі, сондай-ақ спорттың бұл түрін барлық деңгейде алға жылжыту – осы салада бірлесіп қызмет ету», - деді Касадо. «IRONMAN-мен берік байланыстың жалғасы бүкіл әлем бойынша триатлонды әрі қарай дамытуға септігін тигізетін болады. Атлеттер үшін анағұрлым жақсы жағдай жасау мақсатында тағы да көптеген жемісті кездесулерді асыға күтемін...».    


Reitiñ köşbasşylary
Saıystar kúntizbesi