«ITU World Cup Astana» атауы «ITU World Cup Nur-Sultan» болып өзгертілді

5 April 2019

Қазақстан астанасы атауының Нұр-Сұлтан болып өзгеруіне байланысты Халықаралық триатлон одағы (ITU) астанамызда триатлон бойынша өткізілетін Әлем кубогінің атауын «ITU World Cup Nur-Sultan» деп ресми түрде өзгертті.

Еске сала кетейік, осы жылы астаналық Триатлон паркінде қатарынан екі ауқымды халықаралық триатлон сайыстары өткізілмек: 15-16 маусымда ITU World Cup Nur-Sultan және 13-14 шілдеде 70.3 Ironman Astana.

Екінші рет болатын ITU World Cup Nur-Sultan «жартылай темір» қашықтығын бағындыруды жоспарлап жүрген әуесқой спортшылар үшін таптырмас жаттығу алаңы болмақ. Олар өз күшін алдын ала екі есе қысқа қашықтық – «стандартты» қашықтықта сынап көрумен қатар, Триатлон парктегі жарыс жолымен мұқият танысуға мүмкіндік алады.

ITU World Cup Nur-Sultan қатысты барлық жаңалықтар #wcnursultan2019 хэштегі бойынша табуға болады.

ҚТФ ресми  сайтында және wcnur-sultan.triathlon.org.kz ресми веб-парақшасында тіркелу болады.

 


Reitiñ köşbasşylary
Saıystar kúntizbesi