Қазақстандықтар Америка кубогінде үздік ондықтан көрінді

6 March 2019

Өткен демалыстарда Коста Риканың Плая Эрмоса қаласында әлемнің 16 елінен келген 66 спортшы құрлықтық Америка кубогінде додаға түсті. Сынға түскендер арасында ұлттық құрама мүшелері Аян Бейсенбаев пен Темирлан Темиров та болды. Сайыс нәтижесінде Аян «спринтерлік» қашықтықты 1 сағат 00 минут 51 секундта бағындырып, алтыншы орыннан көрінсе, Темирлан сегізінші нәтиже көрсетті – 1 сағат 1 минут 24 секунд. Спортшыларымызды жақсы нәтижелерімен құттықтаймыз және жаңа жеңістер тілейміз!


Reitiñ köşbasşylary
Saıystar kúntizbesi