Қазақстандық тритлон әуесқойлары BI Group Ironman 70.3 Astana жарысында кездеседі

11 July 2019

2019 жылы 14 шілдеде Нұр-Сұлтанда BI GROUP IRONMAN 70.3 ASTANA ең беделді халықаралық триатлон жарыстарының бірі өтеді.

Әлемнің 50 елінен 1400 спортшы елордада бас қоспақ. Қазақстандық қатысушылар арасында  олимпиада чемпионы, Astana Pro Team Бас менеджері Александр Винокуров, Олимпиада қатысушысы, триатлоншы Екатерина Шатная, спортшы, «Алматы Марафон» ұйымдастырушысы Салтанат Қазыбаева, сонымен қатар, Удмурт Республикасының басшысы Александр Бречалов, Ресей триатлон федерациясының президенті Петр Иванов және т.б. бар.

BI Group Ironman 70.3 Astana 2019 жылғы жарысының ерекшелігі - Prо (кәсіби) санатындағы атлеттердің қатысуында. Арнайы лицензиясы бар кәсіби триатлеттер үшін триатлон тек қана әуесқойлық сайыс емес, сондай-ақ, кәсіби дода болып табылады: олар Нұр-Сұлтанға кімнің мықты екенін анықтау үшін келеді. Додада спортшылар арасында Tim Don, Radka Kahlefeldt, Nils Fromhold, Даниил Сапунов, Алексей Калситратов және т.б. көптеген белгілі кәсіби триатлон шеберлері бақ сынаспақ.

Іс-шараны тиімді ұйымдастыру мақсатында қала қонақтарына және споршыларға 700 Qvolunteers еріктілері көмек беретін болады. Еріктілер шетелдік қонақтармен өзара әрекеттесудің үлкен тәжірибесіне ие.

BI GROUP IRONMAN 70.3 Astana триатлон бойынша халықаралық жарысы шеңберінде 12-14 шілдеде үздік әлемдік брендтердің спорттық EXPO жәрмеңкесі жұмыс істейді, мұнда спорттық тауарларды, тамақтануды, жарыстың ресми кәдесыйлық өнімдерін сатып алуға болады.

Сонымен қатар, 13 шілдеде Астана Триатлон Парк аумағында «IRONKIDS» деп аталатын жас спортшыларға арналған көптен күткен сайыс өткізілмек. Іс-шара әлемде өте танымал әрі ол өскелең ұрпақты салауатты өмір салтына баулу, негізгі сайыс алдында спортшыларды қолдау және де бүкіл отбасымен бірге қызықты уақыт өткізу мақсатымен ұйымдастырылады. Биылғы жылы аталмыш іс-шара «Центральная теплораспределительная компания» ЖШС-нің демеушілік қолдауымен іске асырылады.

Халықаралық дода Нұр-Сұлтан қалалық әкімдігі және Қазақстандық Триатлон Федерациясы қолдауымен өткізілуде.

 

Жарыстың бас серіктесі: BI Group компаниясы

Жарыстың ресми серіктесі: «Транстелеком» АҚ

Серіктестер: «Қазақстандық Триатлон Федерациясы» ҚБ, Allur Group, TYR Kazakhstan, QVolunteers, International SOS, SiS спорттық өнімімен «Мир спорта» ЖШС, «A’SU» сауда маркасымен «RG Brands» ЖШС, «Life Style Management» ЖШС.

Бас ақпараттық серіктес: QAZSPORT телеарнасы

 

Фото: BI GROUP IRONMAN 70.3 ASTANA ұйымдастыру комитеті

 


Reitiñ köşbasşylary
Saıystar kúntizbesi