ҚР ҰОК «Қазақстан Триатлон Федерациясына» Тану туралы Сертификатты табыс етті

11 April 2017

Бұл күн, 11 сәуір, біздің федерация үшін, шынымен де, айтулы күнге айналды. Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиада Комитеті бізге «Қазақстан Триатлон Федерациясын» Тану туралы сертификатын» табыс етті.

ҚР ҰОК-тен ресми құжат біздің командамыздың әрбір мүшесінің үйлесімді қажырлы еңбегінің нәтижесі ғана емес, сонымен бірге біздің елімізде триатлонның дамуы дұрыс бағытта келе жатқанның айғағы.

Біз сондай-ақ осындай құрметті құжатқа ие болған өзге де спорттық федерациялардағы өз әріптестерімізді де құттықтаймыз. Біздің мақсатымыз бір және біз үнемі жеңіске ұмтыламыз!


Reitiñ köşbasşylary
Saıystar kúntizbesi