“TEMIRADAM” Кубогі І кезеңінің нақты өткізілетін орны анықталды

10 April 2019

“TEMIRADAM” Кубогі І кезеңінің нақты өткізілетін орны анықталғанын хабарлаймыз. Сайыс Түркістан облысы Кентау қаласында орналасқан «Қошқорған» су қоймасына қарасты жерде өткізілмек.

Сонымен қатар, Age Group санатындағы спортшыларға арналған жарыс алды брифинг сайыс өтетін күні, яғни 28 сәуірде сағат 08.00-де сайыс өтетін жерде болатынын хабарлаймыз. Мұндай шешім тек осы жарысқа байланысты қатысушылардың ыңғайлылығы үшін қабылданды.

Еске сала кетейік, “TEMIRADAM” Кубогінің І кезеңіне қатысуға тіркелу құны 10 000 теңге, ал ҚТФ лицензия иегерлеріне – 8 000 теңгені құрайды.

Сайыс өткізу ережелері, кесте, сайыс картасы және тіркелу www.triathlon.org.kz сайтында қолжетімді.


Reitiñ köşbasşylary
Saıystar kúntizbesi