Копенгагеннен жақсы жаңалықтар келіп жетті

24 August 2018

Өткен апта жақсы жаңалықтарға толы болды. Солардың бірі бізге Данияның Копенгаген қаласынан жетіп келді. Копенгагенде жыл сайынғы IRONMAN 140.6 жарысы өтті. Қазақстан Триатлон Федерациясының вице-президенті, Алматы қалалық Триатлон Федерациясының басшысы – Ғалымжан Есенов және ҚТФ құрметті мүшесі, олимпиада чемпионы – Александр Винокуров аталмыш «толық темір» (3,8 км жүзу, 180 км вело-кезең, 42,2 км жүгіру) қашықтығын бағындырып, мәре сызығын ойдағыдай кесіп өтті.

Ғалымжан Есенов жалпы уақыты 12 сағат 45 минут 21 секундты құрайтын нәтижемен мәреге жетті. Александр Винокуров болса 09 сағат 04 минут 21 секунд уақытын көрсетіп, өз жас санатында екінші орынға ие болуымен қатар, осы қашықтықтағы ел рекордын орнатты. Сонымен қатар, ол Конада өтетін Әлем чемпионатына жолдама жеңіп алды.

Данияда «IRONMAN» атағын алғандардың қатарында: велоспорт бойынша Азия чемпионы, «Астана» велокомандасының директоры, екі олимпиадаға қатысқан – Сергей Яковлев, өткен жылғы Конада өткен IRONMAN Әлем чемпионатының қатысушысы – Павел Артюшенко, Қазақстанның жүзу бойынша ұлттық құрамасының бұрынғы мүшесі Евгений Азарьев, біздің әуесқойлар арасындағы республикалық жарыстардың тұрақты қатысушылары Бақытбек Дүйсенов, Серік Абдуллин, Виталий Блинов, Сергей Бодров, Максим Гауров, Ораз Исин, Тұрсынбек Тасжановтар болды.Біздің барлық спортшыларымыз жарысты сәтті аяқтап, құрметті IRONMAN (темір адам) атағын алды.

 


Reitiñ köşbasşylary
Saıystar kúntizbesi