Шымкентте ITU (Technical official) техникалық делегаттарының семинары өтті

23 May 2019

Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларынан және де Түркістан, Қостанай облыстарынан келген 20 жергілікті триатлон федерацияларының өкілдері; сонымен қатар, Қырғыз Республикасы триатлон федерациясының өкілдері ITU техникалық делегаттарын оқыту семинарына (Technical Official Seminar, Level 1) қатысты.

Шымкенттегі триатлоннан Азия Кубогінің алдында өткізілген тренинг техникалық делегаттардың (төрешілер) ұлттық және құрлықтық сайыстарда төрешілік ету кезінде біліктілігін жоғарылатуға, триатлонды әлемде дамытуға бағытталған.

Теориялық курс екі күн бойы жүргізілді. Емтихан тапсырғаннан кейін, курс тыңдаушылары алған білімдерін Shymkent Triathlon Asian Cup додасында тексеруге мүмкіндік алады.


Reitiñ köşbasşylary
Saıystar kúntizbesi