«ШЕКАРАСЫЗ СПОРТ» жобасының өкілдерімен кездесу өтті

5 July 2018

Қазақстандағы паратриатлонды қалыптастыру бағдарламасы аясында 3 шілдеде Астана қаласында мүмкіндігі шектеулі жандар арасында спортты дамыту және оларға қолдау көрсететін «Шекарасыз спорт» жобасының жетекшісі – Бахтияр Базарбековпен кездесу өтті.

«Шекарасыз спорт» жобасының ұйымдастырушылары – мүгедектігі бар ынтагерлер тобы, олардың басты мақсаты – арнайы қажеттіліктері бар адамдарға қолдау көрсету, мүгедектігі бар жандардың спортпен шұғылдануы үшін инфрақұрылым жасау, жаңа мүмкіндіктер ашу. Жоба – «ерекше» жандардың қоғаммен қоян-қолтық қарым-қатынас жасауына мүмкіндік ашып отырған алаң. Қазіргі таңда жоба қатысушылары жылдың ең маңызды бастамасына -  BLIND RACE Astana-Paris қызу дайындалып жатыр. Көз жанары әлсіз көретін, тіпті, кейбірі мүлдем көру қабілетінен айырылған жандар  велосипедпен Астанадан Парижге дейін 5000 шақырым жолды өтіп, 6 ел мен 30 қаланы кесіп, 2 құрлықты байланыстырмақ.

Кездесу барысында еліміздегі паратриатлонға қатысты бірқатар мәселелер талқыланды. Соның ішінде, кездесу қатысушылары мүмкіндігі шектеулі адамдарды триатлонға қызықтыру арқылы қоғамның белсенді мүшесіне айналдыру, аймақтардағы паратриатлонды қалыптастыру мен дамыту, тәжірибелік және материалдық көмек көрсету секілді сұрақтар талқыланды.

Кездесу нәтижесінде Б. Базарбековке және 5-15% ғана көру мүмкіндігі бола тұра Астанадағы Ironman 70.3 халықаралық сайысына қатысқан «Шекарасыз спорт» мүшелеріне ҚТФ атқарушы директоры А. Достияров ҚТФ Құрметті мүшесі арнайы лицензияларын табыстады. Сонымен қатар, келешекте ортақ істі жалғастыру және еліміздегі паратриатлонды дамытуға бағытталған жұмыстарды бірлесе атқару туралы келісімге келді.


Reitiñ köşbasşylary
Saıystar kúntizbesi