“TEMRIADAM Challenge” жүгіру сайысының қатысушыларына

22 February 2019

“TEMRIADAM Challenge” жүгіру сайысының қатысушыларына!

Тіркелу кезінде Сіз көрсеткен электронды поштаңызға келе жатқан жарыс туралы барлық ақпарат жазылған хат жолданған болатын.

!!!Қандай да бір себеппен хатты таба алмаған болсаңыз, «СПАМ» папкасын қарауыңызды өтінеміз.

Сөрелік пакетіңізді:

  1. 23 ақпан сағат 11.00 мен 17.00 аралығында Астана қаласы, Достық д-лы, 3 үй, «Көрме» орталығының 2-залында;
  2. 24 ақпанда сағат 09.00 бен 11.00 аралығында «Астана триатлон паркіндегі» ұйымдастырушылар кеңсесінде ала аласыз.

Сөрелік пакетіңізді алу үшін: тіркелу кезінде көрсеткен жеке куәлігіңізді және қол қойылған Жеке бас жауапкершілігі туралы іс-шара қатысушысының қол хатын беруіңіз қажет.

“TEMIRADAM Challenge” сайысының кестесі

Өткізілетін орын:

Астана триатлон паркі

Өткізілетін күні:

24 ақпан 2019 жыл

Басталуы:

10 км қатысушыларына 11.55

5 км қатысушыларына 12.25


Reitiñ köşbasşylary
Saıystar kúntizbesi