Триатлон. Спорт мектептеріне арналған бағдарлама

3 May 2019

Қазақстандық Триатлон Федерациясының Президенті Кәрім Мәсімовтың басшылығымен ҚР спорт және мәдениет министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің қолдауымен «Триатлон. Спорт мектептеріне арналған бағдарлама» атты әдістемелік құралы шығарылды.

Балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектептері және балалар мен жасөспірімдерге арналған олимпиада резервінің спорттық мектептері, жоғарғы спорттық шеберлік мектептері, Қазақстан Республикасының триатлон бойынша спорттық дайындық орталықтарына арналған спорттық дайындық бағдарламасы әлемдік алдыңғы қатарлы мамандардың көпжылдық тәжірибесінің негізінде дайындалған. Ұсынылған бағдарлама жаттығу процесін қалыптастырудың барлық заманауи қағидаларына сәйкес және генетикалық сынаққа сәйкес анықталған ең жоғарғы мүмкіндікке қол жеткізу мақсатында спортшыны жан-жақты және жоспарлы дамытуға бағытталады. Бағдарламаның басты мақсаты – дамыту мен жетілдірудің барлық кезеңдерінде атлеттердің жоспарлы дайындығын қамтамасыз ету. Жоғарғы спорттық шеберлікке қол жеткізу.

Белгіленген мақсат көлемі келесі негізгі міндеттердің орындалуын көздейді:

1. Көпжылдық жаттығудың барлық кезеңдерінде Қазақстанның триатлон бойынша спорт резервінің командалары үшін әдістемелік негіз қамтамасыз ету.

2. Триатлон бойынша жаттықтырушыларға жаттығу және тәрбиелік жұмыстарды жоспарлау және ұйымдастыруға қатысты қолдау көрсету.

3. Аймақтық және қалалық спорттық дамыту және жетілдіру мектептеріне әдістемелік қолдау көрсету.

4. Қазақстанның триатлон бойынша құрама командасының әлемдік деңгейдегі бәсекеге қабілеттілігін арттыру.

Әдістемеде кез-келген бапкер жаттығу процесінің техникалық ерекшеліктерінен бастап, 5 жастан жоғары кәсіби спортшыларды даярлауда нәтижелерді жоспарлауға дейінгі пайдалы ақпаратты таба алады.

Бағдарлама авторы ҚТФ бас хатшысы, халықаралық деңгейдегі спорт шебері Максим Крят болып табылады. Бағдарламаны құрастыруда триатлоннан ұлттық құрама команданың бас бапкері Андрей Глущенко, Алматы қаласы құрамасының бас бапкері Максим Мазур, Almaty Triathlon Federation атқарушы директоры Руслан Когай, Алматы қаласының №14 ОРМБЖСМ директоры Жамиля Танабаева және кәсіби триатлет Аслан Абдрахманов ат салысты.

Біз, өз кезегінде, бірлесе жасаған еңбек Қазақстанның олимпиадалық әдебиетте өзіндік орнын алады деген ойдамыз.

Әдістемелік құралы қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жарияланған және www.triathlon.org.kz сайтынан жүктеп алуға болады.

 


Reitiñ köşbasşylary
Saıystar kúntizbesi