Орал қаласы триатлоннан республикалық біріншілікті қабылдайды!

6 August 2019

Бірінші сайыс күні Elite санатындағы спортшылар «суепр-спринт» қашықтығында триатлоннан ҚР Кубогінің үшінші кезеңінің жеңімпаздарын анықтайтын болады. Осы қашықтықта U17, U19 және U23 санатындағы спортшылар ҚР Чемпионаты аясында сайысатын болады. Ал екінші сайыс күні әуесқой спортшылар сынға түспек.

Триатлоннан ҚР Кубогі мен Чемпионаты – Қазақстандық Триатлон Федерациясының бастамасымен өткізілетін республикалық сайыстар.

Сайыс «Самрұқ-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ, Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт Министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері бойынша Комитетінің, ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің, Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің, Орал қаласы әкімдігінің және BI Group компаниясының қолдауымен өткізілмек.

Сайыс ұйымдастырушысы: Батыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы, Қазақстандық Триатлон Федерациясы.

Ақпараттық қолдау: Спорт және дене шынықтыру істері бойынша Комитеті, Vesti.kz, Weproject Media.

Сайыс мақсаты:

  • Қазақстанда триатлонды дамыту және салауатты өмір салтын насихаттау;
  • қазақстандық кәсіби спортшылардың, бапкерлер мен төрешілердің біліктілігін арттыру;
  • үздік спортшыларды анықтау.

Сайыс аясында кәсіби спортшылар бірнеше қашықтықтарда сынға түсетін болады:

  1. Elite санаты (18-23 жас аралығы), дисциплина – триатлон, қашықтық – «супер-спринт» (300 м жүзу, 8 км веложарыс, 2 км жүгіру).
  2. U23 санаты (18-23 жас аралығы), дисциплина – триатлон, дистанция – «супер-спринт» (300 м жүзу, 8 км веложарыс, 2 км жүгіру).
  3. U19 санаты (17-19 жас аралығы), дисциплина – триатлон, дистанция – «супер-спринт» (300 м жүзу, 8 км веложарыс, 2 км жүгіру).
  4. U23 санаты (15-17 жас аралығы), дисциплина – триатлон, дистанция – «спринт» (750 м жүзу, 20 км веложарыс, 5 км жүгіру).

Республиканың түрлі аймақтарынан келген 100-ге жуық спортшы қатысады деп күтілуде.

Триатлоннан «TEMIRADAM» Кубогінің IX кезеңі – халық арасында триатлонды дамыту мен салауатты өмір салтын танымал ету мақсатында Age Group санатындағы (әуесқойлар) спортшылар арасында өткізілетін ұлттық турнир.

«Спринтерлік» қашықтықтағы әуесқойлар додасы үш кезеңнен құралатын болады: 750 м жүзу + 20 км веложарыс + 5 км жүгіру

Түрлі аймақтардан келген 70-ге жуық әуесқой спортшылар қатысады деп күтілуде.

Жарыс кестесі

 

Күні

Уақыты

Іс-шара

10 тамыз

09.00 сағ.

U17 санатындағы ерлер жарысының басталуы

09.05 сағ.

U17 санатындағы әйелдер жарысының басталуы

11.00 сағ.

U17 санатындағы жеңімпаздарды марапаттау

 

11 тамыз

11.30 сағ.

Elite, U23, U19 санатындағы спортшылар жарысының басталуы

13.00 сағ.

Elite, U23, U19 санатындағы жеңімпаздарды марапаттау

11.30 сағ.

Age Group санатындағы спортшылар жарысының басталуы

14.00 сағ.

Age Group санатындағы жеңімпаздарды марапаттау

 

Анықтама

Триатлон – жүзу, веложарыс және жүгіру секілді жекелеген спорт түрлерінен құралған мультиспортивті циклдық олимпиадалық спорт түрі. Триатлон кезеңдерін спортшылар кезекпен және үзіліссіз бағындырады. Халықаралық деңгейде триатлон Халықаралық Триатлон Одағының (International Triathlon Union) ережелерімен реттеледі.

Байланыс

«Қазақстандық Триатлон Федерациясы» ҚБ

010000, Нұр-Сұлтан қ., Есіл ауданы, Қабанбай батыр даңғылы, 53, 208 кеңсе

Веб-сайт: www.triathlon.org.kz

info@triathlon.org.kz

media@triathlon.org.kz

+7 705 306 77 11

 

 

 


Reitiñ köşbasşylary
Saıystar kúntizbesi