Өскеменде алғаш рет триатлоннан республикалық сайыстар болады!

14 August 2019

17-18 тамызда Өскемен қаласы өз тарихында алғаш рет триатлоннан республикалық сайыстарды қабылдайды!

Бірінші сайыс күні бірнеше жарыстар өткізілмек:

  • U15 санатындағы спортшылар «супер-спринт» қашықтығында триатлоннан Қазақстан Республикасының Чемпионаты аясында сайысады;
  • U17 санатындағы спортшылар Гундерсен жүйесі бойынша «супер-спринт» қашықтығында триатлоннан Қазақстан Республикасы Кубогінің финалында сайысады;
  • U19, U23 санатындағы спортшылар «супер-спринт» қашықтығында триатлоннан Қазақстан Республикасы Кубогінің финалында сайысады;
  • Elite санатындағы спортшылар «спринт» қашықтығында триатлоннан Қазақстан Республикасы Кубогі IV кезеңінің жеңімпаздарын анықтайтын болады.

Сайыс «Самрұқ-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ, Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт Министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері бойынша Комитетінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиада комитетінің, Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің, Өскемен қаласы әкімдігінің және BI Group компаниясының қолдауымен өткізілмек.

Сайыс ұйымдастырушысы: Шығыс Қазақстан облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасы, Қазақстандық Триатлон Федерациясы.

Ақпараттық қолдау: Спорт және дене шынықтыру істері бойынша Комитеті, Vesti.kz, WE project Media.

Сайыс мақсаты:

  • Қазақстанда триатлонды дамыту және салауатты өмір салтын насихаттау;
  • қазақстандық кәсіби спортшылардың, бапкерлер мен төрешілердің біліктілігін арттыру;
  • үздік спортшыларды анықтау.

Сайыс аясында кәсіби спортшылар бірнеше қашықтықтарда сынға түсетін болады:

  1. Elite (16 жастан жоғары), U23 (16-23 жас) және U19 (16-19 жас) санаттары,  дисциплина – триатлон, қашықтық – «спринт» (750 м жүзу, 20 км веложарыс, 5 км жүгіру);
  2. U17 (13-17 жас) санаты, дисциплина – триатлон, қашықтық – Гундерсен жүйесі бойынша «супер-спринт» (300 м жүзу, 8 км веложарыс, 2 км жүгіру);
  3. U15 (13-15 жас) санаты, дисциплина – триатлон, қашықтық – «супер-спринт» (300 м жүзу, 8 км веложарыс, 2 км жүгіру).

Республикамыздың түрлі аймақтарынан келген 50-е жуық кәсіби спортшылар қатысады деп күтілуде.

«TEMIRADAM» Кубогінің X кезеңі – халық арасында триатлонды дамыту мен салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында Age Group санатындағы (әуесқой) спортшылар арасында өткізілетін ұлттық турнир.

«Спринтерлік» қашықтықтағы әуесқойлар додасы үш кезеңнен құралатын болады: 750 м жүзу + 20 км веложарыс + 5 км жүгіру

Түрлі аймақтардан келген 50-ге жуық әуесқой спортшылар қатысады деп күтілуде.

 

Сайыс кестесі

Күні

Уақыты

Іс-шара

17 тамыз

08.45 сағ.

Ашылу салтанаты

09.00 сағ.

U15, U17, U19, U23, Elite санатындағы спортшылар жарысының басталуы – ерлер мен әйелдер

11.30 сағ.

U15, U19, U23, Elite санатындағы спортшыларды марапаттау – ерлер мен әйелдер

18 тамыз

09.00 сағ.

U17 санатындағы спортшылар жарысының басталуы – екінші кезең – ерлер мен әйелдер

10.00 сағ.

U17 санатындағы спортшыларды марапаттау – ерлер мен әйелдер

11.00 сағ.

Age Group (әуесқой) санатындағы спортшылар жарысының басталуы

13.30 сағ.

Age Group (әуесқой) санатындағы спортшыларды марапаттау

 

Анықтама

Триатлон – жүзу, веложарыс және жүгіру секілді жекелеген спорт түрлерінен құралған мультиспортивті циклдық олимпиадалық спорт түрі. Триатлон кезеңдерін спортшылар кезекпен және үзіліссіз бағындырады. Халықаралық деңгейде триатлон Халықаралық Триатлон Одағының (International Triathlon Union) ережелерімен реттеледі.

Байланыс

«Қазақстандық Триатлон Федерациясы» ҚБ

010000, Нұр-Сұлтан қ., Есіл ауданы, Қабанбай батыр даңғылы, 53, 208 кеңсе

Веб-сайт: www.triathlon.org.kz

info@triathlon.org.kz

media@triathlon.org.kz

+7 705 306 77 11

 

 


Reitiñ köşbasşylary
Saıystar kúntizbesi