Әбу Дабиде осы маусымдағы бірінші ITU Триатлон Әлемдік Сериясының старты өтеді

2 March 2017

Әбу Даби кезекті рет триатлонның барлық жанкүйерлерінің басты назарында болмақ.

3 және 4 наурызда БАӘ астанасында ITU Триатлон Әлемдік Сериясының осы маусымдағы бірінші старты өтеді. Жылдан-жылға танымал боп келе жатқан шара әлемнің 52 елінен 2500 атлетті жинады!

Элиталық жарыстан басқа, ғаламат оқиғаға мыңдаған әуесқой-триатлет, сондай-ақ түрлі жастағы қатысушылар қатысатын болады. Қашықтықтар: максималды, олимпиадалық және спринтерлік. Ұйымдастырушылар кішкентай триатлонистерді де назардан тыс қалдырмады – 5 жастан бастап чемпиондардың жас буыны, чиптармен жабдықталған, олар үшін көзделген қашықтықта өз санаттарында стартқа шығады.


Reitiñ köşbasşylary
Saıystar kúntizbesi