Астанада қысқы триатлоннан ҚР чемпионаты өтті

24 February 2019

Бүгін Астанадағы Триатлон паркінде Қазақстандағы триатлон маусымының алғашқы жарысы – Қысқы триатлоннан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Сайысқа Elitе және Age Group санатындағы спортшылар қатысты және «стандарт», «спринт» қашықтығында сынға түсті. Іс-шараны салтанатты түрде ҚР мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы ашып, сайыс қатысушыларына сәттілік тіледі.

 Elite санатында 1 сағ. 28 мин. 43 сек. нәтижесімен Дмитрий Коломеец (Ақмола обл.) чемпион атанды. Ал әйелдер арасында болса 1 сағ. 37 мин. 28 сек. уақыт көрсеткен Наталья Саковнина (ШҚО) жеңімпаз атанды.

Age Group санатында жеке есепте ерлер арасында 41 мин. 50 сек. уақыт көрсеткен Марк Старостиг (Астана қ.) абсолютті жеңімпаз атанса, әйелдер арасында Дарья Старостина үздік болып шықты – 51 мин. 41 сек.

Age Group санатындағы эстафеталық командалар арасында «Athletic Family» атты астаналық команда 44 мин. 23 сек. уақыт көрсетіп, бірінші орын алды.

Барлық жастық топтардағы жеңімпаздар мен жүлдегерлерге ҚТФ Президенті Кәрім Мәсімов өз қолымен құнды сыйлықтар мен сертификаттар табыстады.

Сонымен қатар, осы негізгі іс-шара аясында «TEMIRADAM Challenge» сайыстар сериясының бірінші жүгіру жарысы өткізілді. Мұнда әуесқой спортшылар 5 км және 10 км қашықтықта жүгіруден бақ сынады.

«TEMIRADAM Challenge» жүгіру сайысында 10 км қашықтыққа жүгіргендерде ерлер арасында Нұрлан Жакупов (Астана қ.) үздік уақыт көсретті – 33 мин. 38 сек. Ал әйелдер арасында Айна Усенова (Астана қ.) 47 мин 47 сек уақыт көрсетіп, жеңімпаз атанды.

5 км қашықтыққа жүгіруде 23 мин. 03 сек. уақыт көрсеткен Александр Муляк (Қарағанды обл.) бірінші болды. Бұл қашықтықтағы әйелдер арасында 24 мин. 59 сек. уақытымен мәреге жеткен Диана Асауова (Қарағанды обл.) алтын алды.

Жүгіру сайысының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін ҚР мәдениет және спорт Вице-министрі Елдос Рамазанов медальдар мен құнды сйылықтармен марапаттады.

Айта кетейік, жарыстарда Астана, Алматы, Шымкент, сонымен бірге Қарағанды, Павлоар, Ақмола және Шығыс Қазақстан облыстары секілді аймақтардан келген 200 спортшы додаға түсті. Сонымен қатар, қысқы триатлоннан ҚР чемпионатына АҚШ, Чехия және Ресей секілді елдерден келген шетелдік әуесқой спортшылар да қатысты.

Сайыстардың нәтижелерімен сайтымыздан таныса аласыздар. 


Reitiñ köşbasşylary
Saıystar kúntizbesi