Мәскеуде Қазақстан Триатлон Федерациясының Президенті Кәрім Мәсімов ресейлік әріптесі Петр Ивановпен кездесті.

7 April 2017

Мәскеуде Қазақстан Триатлон Федерациясының Президенті Кәрім Мәсімовтың ресейлік әріптесі Петр Ивановпен кездесуі өтті.

Федерациялар басшыларының достық кездесуі барысында даму жоспарлары талқыланды, олар көбіне ұқсас боп шықты. Ұйымдардың ынтымақтастығы табысты болмақ және екі жақтан үйлестіруді, халықаралық аренада жұмыс барысында тәжірибемен алмасуды, сондай-ақ бірлескен жарыстарға қатысуды және оларды өткізуді көздейді.

Ресей Триатлон Федерациясының өкілдері олармен бапкерлер құрамы үшін оқыту семинарлары ұйымдастырылғанын және онда олар Қазақстаннан қызметкерлерді де көруге қуанышты болатынын айтты.

Кездесуден кейін, Иванов әлеуметтік желіде былай деп жазды:

«Қазақстан Триатлон федерациясының президенті Кәрім Мәсімовпен бірлескен жарыстар өткізуде, төрешілер мен бапкерлерді дайындауда ынтымақтастықты талқыладық. Бірге 3,8-180-42 жүгіріп өтеміз деп келістік».


Reitiñ köşbasşylary
Saıystar kúntizbesi