Триатлет лицензиясының маңызды артықшылықтары

14 March 2019

Алдымыздғы болғалы отырған 14 сайыс ішінде Астанада өтетін Әлем кубогі мен Ironman 70.3, Шымкент, Алматы мен Ақтауда болатын үш Азия кубоктері бар. Сіздердің осы жылғы сайыстарыңызды жоспарлап қойғандарыңызға сенімдіміз. Ал триатлет лицензиясымен елімізде болсын, алыс-жақын шетелде болатын триатлон жарыстарына қатысу ыңғайлы болмақ.

Триатлет лицензиясының маңызды артықшылықтары:

- ҚТФ лицензиясы ITU және Ironman аясында өткізілетін барлық жарыстарға қатысуға жарамды. Бұл жарстарға бір реттік лицензия сатып алудың қажеттілігі болмайды.

- ҚТФ лицензиясы ақысын төлеген күннен бастап бір жылға жарамды. Маусым басында рәсімдесеңіз, жыл бойы уақытша куәлік туралы қам жеудің қажеттігі жоқ.

- Лицензия иегерлері ҚТФ басшылығымен өткізілетін (IRONMAN 70.3 Astana қоспағанда) жарыстарға тіркеу жарнасын төлемейді. Олар тек сөрелік қалта ақысын ғана төлейді.

- Лицензия иегерлері үшін www.triathlon.org.kz ресми сайтымызда жарысқа тіркелудің оғай олы қарастырылған.
- ҚТФ басшылығымен өткізілетін (IRONMAN 70.3 Astana қоспағанда) жарыстар кезінде барлық лицензия иегерлері оқыс жағдайлардан сақтандырылады.
- Әрбір триатлет лицензия иегері бейілділік клубының мүшесіне айналып, The One Hotel, Ibis Hotel, Marriott Astana, TYR, SIS, Winner, Phiten және т.б. ресми серіктестеріміздің тауарлары мен қызметтерін арнайы жеңілдікпен ала алады.

Лицензияны алу үшін мына сілтеме бойынша өтіңіз.

 


Reitiñ köşbasşylary
Saıystar kúntizbesi