ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ТРИАТЛОНА ФЕДЕРАЦИЯСЫ ЛИЦЕНЗИЯСЫ ИЕГЕРЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН БЕЙІЛДІЛІК КЛУБЫ
«Бейілділік клубы» бағдарламасы аясындағы серіктестерімізді барша лицензия иегерлері назарына ұсынамыз. Лицензия арқылы тауарлар мен қызмет түрлеріне жеңілдік ала аласыздар.
Rixos Water World Aktau - Орта Азиядағы «All-inclusive All -exclusive» (барлығы қамтылған) концепциясын ұсынатын бірінші әрі жалғыз бес жұлдызды қонақүй болып табылады. Керемет қонақүй Каспий теңізінің әсем жағалауында орналасқан.
150 000 шаршы метр аумақты қамтыған бірегей отбасылық демалыс орны Ақтау қаласынан небары 20 шықырым жерде орналасқан қонақүй нағыз қонақжайлылық пен Каспий теңізінің жағалауындағы ұмытылмас демалыс ұсынады. Қонақүйдің ұзындығы 420 метр болатын өз жағажайы мен 500 кв.м. қамтитын демалыс пирсі бар. Қонақүй жерінде: 6 бар мен 2 A’la carte мейманханасы, теңіз суы бар «Инфинити» бассейні, «Релакс» бассейні, SPA және фитнес орталықтары, Rixy Kids Club орналасқан. Rixos Water World Aktau қонақтары TETYSBLU саябағына тегін кіру мүмкіндігі беріледі.
Керемет әрі заманауи қонақүйдің концепциясы — сіздің ұмытылмас демалысыңыз үшін жайлы орын мен «Барлығы қамтылған» идеясын іске асыру. Керемет жатын бөлмелерінен бастап тіл үйірер дәмді деликатестерге дейін, таңғажайып ойын-сауықтан SPA демалысына дейін — осының барлығы люкс санатты қонақүйде ұсынылады
ЖЕҢІЛДІК – 15%
Толығырақ https://www.rixos.com/en сайтында
Phiten - адам ағзасын сауықтыратын әрі денесіне күтім жасайтын өнімдерді шығарумен айналысады.
ЖЕҢІЛДІК – 10%
Толығырақ http://www.phitenkz.com/ сайтында
«Мир спорта» (Спорт әлемі) компаниясы арнайы циклдык спорт түрлеріне арналған Britain Science in Sport (SiS) атты британдық кәсіби спорттық тағамдар брендінің өкілі болып табылады.
ЖЕҢІЛДІК – 10%
Толығырақ www.mir-sporta.kz сайтында
IBIS қонақүйі барлық лицензия иегерлеріне арнайы бағалармен қызмет көрсетеді.
Толығырақ www.ibis.com сайтында
The ONE hotel Astana – қонақүйі барлық лицензия иегерлеріне арнайы бағалармен қызмет көрсетеді.
Толығырақ http://theone-astana.kz сайтында
Astana Marriott қонақүйі Қазақстандық Триатлон Федерациясы лицензиясы иегерлеріне арнайы бағалармен қызмет көрсетеді. Сонымен қатар, Астана Марриотт қонақүйінің Vista Restaurant&Bar, Aroma Restaurant, Lobby Bar мейрамханаларында 15% жеңілдік береді.
Толығырақ: www.astanamarriott.com/
Winner дүкені түрлі велосипедтер мен қосалқы заттарын арнайы бағамен ұсынады.
ЖЕҢІЛДІК – 10%
Толығырақ: https://www.instagram.com/p/Bky_lMZARsF/?taken-by=winner_bike_shop
Жаңа Alanda қонақүйі астананың ортасында Есіл өзенінің жағалауында орналасқан. Қонақүйдің концепциясы мен дизайны Көне Еуропаның уақытында жүргендей ерекше сезімге бөлейді. Қонақүйде түрлі санаттағы 61 жатын бөлмесі бар.
Alanda триатлет лицензиясы иегерлеріне арнайы бағалар ұсынады.
Толығырақ: www.alanda-hotel.kz сайтында
Giant - әлемдегі ең сапалы велосипедтерді өндіруіші компания. Өз жұмысын 1972 жылдан бастаған Giant велоспорттағы үлкен өзгерістердің себепкері болып үлгерді. Болаттан жасалған рамалар әлемдік өндірістік стандарт болып тұрғанда, біз алғаш рет анағұрлым жеңіл әрі төзімді алюминий рамаларын ұсындық. Көміртектік талшықтан жасалған велосипедтерді көпшілікке қолжетімді еткен бірінші компания болдық. Compact Road технологиямыз арқылы заманауи жарыс велосипедтерінің сыртқы келбетін бекіттік.
ЖЕҢІЛДІК – 10%
Толығырақ www.elitesport.kz
Arena – әлемдегі жүзуге арналған киім мен аксессуарлар өндіретін алдыңғы қатарлы кәсіпорын. Arena коллекцияларында жүзуге арналған киімнің түр-түрі, көзілдіріктер, бас киімдер, жүзуге арналған тақталар, мұрынға арналған қыстырғыштар, сонымен қатар, жүгіруге арналған киім, триатлонға арналған жабықтау, компрессиондық киім, спорттық сүлгілер және т.б, табуға болады.
ЖЕҢІЛДІК – 10%
Толығырақ www.limpopo.kz
Compressport – спорттық компрессиондық трикотаж өндіру ісіндегі көшбасшы. Compressport өнімдері жоғары технологиялар мен инновацияларға сай жасалған. Ондай өнімдерді пайдалану спортшылар мен белсенді өмір салтын ұстанатындарға жарақатсыз жаттығып, спорттық нәтижелерін жақсартуға мүмкіндік береді.
ЖЕҢІЛДІК – 10%
Толығырақ www.sportidea.kz
Namedsport – бапкерлер, физиотерапевтер, кәсіби және әуесқой спортшылар жоғары бағалап үлгерген әйгілі тағамдық қоспалар. 2017 жылы NAMEDSPORT 100-ші Джиро д'Италияның бас серіктесі атанса, 2018 жылы Тур Де Франспен келісім-шартқа отырды. Осылайша NAMEDSPORT 2023 жылдың аяғына дейін барлық үш гранд-турдың серіктесі болды. Компания велосипед спортындағы Vincenzo Nibali-мен Bahrain-Merida, Alberto Contador-мен Trek-Segafredo, Fabio Aru-мен Astana и Rui Costa және Diego Ulissi-мен UAE Team Emirates секілді жоғары деңгейдегі әлемдік төрт команданың ресми серіктесі болып табылады.
ЖЕҢІЛДІК – 10%
Толығырақ www.prosport.kz
Wyndham Garden Astana қонақүйі – құрамына әлемнің 80 еліндегі 9100 мейманхана кіретін Wyndham Garden Hotels&Resorts атты әлемге әйгілі қонақүйлер тобының бірегей өкілі.
Wyndham Garden Astana ҚТФ лицензия иегерлеріне өз қызметтерін 15% жеңілдікпен ұсынады.
ЖЕҢІЛДІК – 15%
Толығырақ www.wyndhamgardenastana.com
ProTAPE® компаниясы спорттық тағамтану, спортық жабдықтау және спорттық медицина бойынша тауарлар жеткізуге мамандандырылған Казақстандағы алдыңғы қатарлы компания болып табылады.
ЖЕҢІЛДІК – 20%
Толығырақ www.protape.kz
Crocus Bar — дәмді ет тағамдары, стейк, түрлі салаттар мен күшті шараптардан құралған мәзірі бар ыңғайлы орын.
Crocus Premium Food астанамыздың ортасында орналасқан фастфуд орны. Америкалық стильдегі мекемеде мәрмәр сиыр етінен жасалған бургерлер, түрлі рамен, суши мен роллдардың дәмін татуға болады.
Crocus лицензия иегерлеріне 10% жеңілдік ұсынады