Үздіктерді таңдаймыз! Жыл спортшысы мен Жыл сайысына дауыс беру басталды!

3 November 2021

Қазақстандық Триатлон Федерациясы тұрақты мүшелері арасында 2021 жылдың үздік спортшысы мен сайысын таңдауға бағытталған дауыс беру науқанын бастайды.

Триатлон сүйер қауым қазақстандық триатлоншылар көп күттірген 2021 жылғы маусымның қаншалықты қызықты әрі жаңалыққа толы болғандығын біледі. Бұл жылы біз Шымкент, Алматы, Қапшағай, Бурабай, Қостанай, Өскемен және Ақтау сынды қалаларды араладық. Бұл қалаларда әуесқойлар мен кәсіби спортшылар арасында триатлоннан республикалық сайыстар өткізілді.

Елімізде триатлонды дамуына басшылық етіп отырған ұлттық федерация ретінде жылдың үздік сайысы мен спортшысын атап өтуді жөн көрдік. Дауыс беру 20 қараша астана уақытымен сағат 23.59 тоқтатылады. Әр дауыс беруші әр номинацияға тек бір дауыстан ғана бере алады. Жеңімпаздар желтоқсанда ресми марапаттау кезінде жарияланады.

Еске сала кетейік, Маусым қорытындысы бойынша марапаттау Ережелеріне сай жарамды триатлет лицензияларының иегерлері ғана дауыс бере алады. Дауыс беру қорытындылары автоматты түрде есептеледі.

«Жыл спортшысы» номинанттары

ЕКАТЕРИНА ШАБАЛИНА – ұлттық рейтинг көшбасшысы, Нұр-Сұлтан қаласының спортшысы.

2021 жылғы жетістіктері: Чолпон-Атадағы спринт қашықтығындағы Азия Чемпионатында күміс жүлде жеңіп алды, Хатцукаичиде өткен Азия біріншілігінде алтыншы орын алды, суперспринт, спринт және олимпиадалық қашықтықтарда, сонымен бірге аралас эстафетада өткізілген ел біріншіліктерінің абсолютті жеңімпазы, ұлттық рейтинг көшбасшысы. Және де спортшы - «TEMIRADAM» Кубогының Pro санатындағы абсолютті жеңімпазы.

ДАРЫН ҚОНЫСБАЕВ – ұлттық құрама мүшесі, ұлттық рейтинг көшбасшысы.

2021 жылғы жетістіктері: спринттағы Азия біріншілігінің чемпионы (Чолпон-Ата, Қырғызстан), суперспринт және орта қышықтықтағы ел біріншіліктерін жеңіп алған, сонымен қатар, Дарын - «TEMIRADAM» Кубогының Pro санатындағы абсолютті жеңімпазы.

АЯН БЕЙСЕНБАЕВ – ұлттық құрама мүшесі

2021 жылғы жетістіктері: Чолпон-Атадағы Азия біріншілігінде қола жүлдегер, Траутбектегі (Зимбабве) Африка кубогында алтын жеңіп алған.

 «Жыл сайысы»

Биыл «Жыл сайысы» номинациясында келесі сайыстарға дауыс беруге болады:

  1.  «TEMIRADAM» Кубогының I кезеңі, 2 мамыр, Қапшагай;
  2. «TEMIRADAM» Кубогының ІI кезеңі, 13 маусым, Алматы;
  3. «TEMIRADAM» Кубогының IІІ кезеңі, 11 шілде, Бурабай;
  4. «TEMIRADAM» Кубогының IV кезеңі, 18 шілде, Қостанай;
  5.  «TEMIRADAM» Кубогының финалы, 26 қыркүйек, Ақтау.

Маусымның үздіктерін таңдау үшін лицензияңыздың нөмірін енгізіп, сәйкес кандидат астындағы батырманы басыңыз.


Жыл спортшысы
Жыл сайысы
Reitiñ köşbasşylary
Saıystar kúntizbesi