Алматыда 30 триатлон бапкерлері кәсіби оқудан өтті

26 November 2018

Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан, сонымен қатар, Жамбыл, Түркістан, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстарынан келген бапкерлер қатысты. Іс-шараны ҚР триатлон бапкерлерінің кәсіби деңгейін дамытуын көздейтін кешенді бағдарламасының аясында Қазақстандық Триатлон Федерациясы (ҚТФ) мен Алматы Триатлон Федерациясы (АТФ) бірлесе отырып өткізді.

«Триатлеттерді дайындауды жоспарлаудың негізгі қағидалары» атты жалпы тақырыппен өткен теориялық және тәжірибелік сабақтарды ҚТФ бас хатшысы Максим Крят, ҚТФ бас бапкері Андрей Глущенко мен ҚТФ жарыстарды ұйымдастыру департаментінің басшысы Сергей Майер ауқымды дәрістер оқыды.

Алғашқы екі күнгі сабақтар теориялық дәріс түрінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-інің үздік дәрісханаларының бірінде өтті. «Триатлонға кіріспе» (триатлон тарихы, триатлон сегменттері), «Триатлонға арналған жабдықтар», «Жаттығу сабақтарын жоспарлаудың негіздері», «Жүзу, велосипед, жүгіру, транзиттік зонаны өтудің техникалық ерекшеліктері», «Спортшылармен жұмыс істеудің педагогикалық негіздері», «Жаттығу процесін бақылау» (жаттығуларды электронды құрылғылар арқылы саралау, электронды күнделік жүргізу, ақпаратты интерпретациялау» атты тақырыптар қарастырылды.

Үшінші күні World Class Almaty фитнес-клубында тәжірибелік сабақтар өткізілді. Барлық дәріс алушылар 3 топқа бөлінді. Әр топ курс оқытушыларымен бірлесе отырып, тәжірибелік сабақ алды. Жаттығулар үш спорт түрін де қамтыды: жаттығу жұмыстары бассейнде, сайклинг залында және ойын залында жүргізілді.

Курс аяқалған соң барлық дәріс алушыларға арнайы сертификаттар табысталып, сауалнама жүргізілді.

Семинар қатысушылары айтып өткендей, іс-шара өте пайдалы болды; тыңдаушылар өздері үшін көптеген жаңа дүние үйреніп, келешек сабақтарға тақырыптар ұсынып та үлгерді.

 


Сайыстар күнтізбесі