Рахимбаев Айдын Жумадилович

25 February 2017
Лауазымы: Вице-президент

Бақылаушы акционер және BI Group құрылыс-инвестициялық компаниясы Директорлар кеңесінің Төрағасы.   

А. Рахимбаев өзінің жеке меншік шағын құрылыс компаниясын айналымы 1 млрд. доллардан астам  еліміздегі ең ірі құрылыс холдингісіне айналдырды. BI Group бір мезгілде Қазақстанда және шет елдерде 88 жобаны іске асыруда. Соңғы бірнеше жылдың ішінде компания тұрақты түрде бинзестің ұлттық көшбасшылары арасындағы рейтингте алдыңғы орындарды иеленіп келеді, сонымен бірге, ENR ТОР 250 әлемдегі ең ірі құрылыс компаниялары халықаралық рейтингісінде Қазақстан атынан ұсынылған жалғыз компания болып табылады.  

Айдын Рахимбаев сондай-ақ ҚР Құрылысшылары қауымдастығының (ҚҚҚ) Төрағасы, «Атамекен» Одағының басқарма мүшесі, ҚР Президенті жанындағы Кәсіпкерлер Одағының мүшесі, «Ертіс химия-металлургия зауыты» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі.   

Мемлекеттік наградалар мен сыйлықтардың иегері: «Құрмет» мемлекеттік орденінің кавалері, ҚР Президентінің құрметті дипломымен марапатталған.  

СПОРТТЫҚ ЖЕТІСТІКТЕРІ  

Автокросс бойынша Қазақстан Республикасы Чемпионаты кезеңінің қола жүлдегері, қысқы трек автожарысы бойынша ҚР Ашық Кубогының жеңімпазы. «Дакар» 2008, 2013, 2015 раллиінде қазақстандық құраманың мүшесі. Дакар-2015 жарысының қорытындылары бойынша BMW автоконцерннің Mini командасында қатыса отырып, ТОП-10 әлемнің ең үздік жарысушылары қатарына кірді.   

2016 жылы Бейжіңде халықаралық Silk Way Rally-де ТОП-5 ең үздік жарысушылар қатарына кірді. IRONMAN Vichy-2016 триатлон жарысының қатысушысы және IRONMAN Barselona-2016 финалға қатысушы.

Сонымен қатар, «Ана үйі» ауқымды жобаның демеушісі, бастамашысы және серіктесі ретінде танымал, мүмкіндігі шектеулі балалардың медициналық оңалтылуына, оқытуға және әлеуметтенуіне бағдарланған тұрақты түрде әрекет ететін бірнеше қайырымдылық қор мен жобаның қамқоршысы. Жыл сайынғы қалалық BI-Marathon негізін қалаушы.   

Үйленген. Жұбайы Анар Рахимбаевамен 7 бала тәрбиелеуде. Анар Рахимбаева «Ана үйі» қайырымдылық жобаның жетекшісі.  


Сайыстар күнтізбесі