Жаксыбек Даурен Адилбекулы

25 February 2017
Лауазымы: Бірінші вице-президент

Спортпен белсенді айналысады: триатлон, альпинизм. Салауатты өмір салтын насихаттайды. 

БІЛІМІ:

American University, Вашингтон, Колумбия округі, АҚШ. «Бизнес Әкімшіліктеу» (BSBA) бакалавр дәрежесі. Халықаралық қаржы және маркетинг; New York University, Нью-Йорк, АҚШ. Кредиттік талдау.

Астана қ. Қазақ гуманитарлық-заң университеті, «Құқықтану» мамандығы.

ЖҰМЫС ТӘЖІРИБЕСІ:

2001—2003 жылдар — RZB Finance LLC, Нью-Йорк, АҚШ. Жобалық қаржыландыру бөлімінің кредиттік офицері;

2003—2005 жылдар — Raiffeisen Zentralbank (RZB) AG, Вена, Аустрия. Саудалық қаржыландыру бөлімінің менеджері;

2005–2015 жылдар — Астана қ. «Цеснабанк» АҚ Директорлар Кеңесінің мүшесі;

2006 – 2015 жылдар — Астана қ. «Цеснабанк» АҚ  Басқарма Төрағасы;

2015 – қазіргі уақытқа дейін - «Цеснабанк» АҚ Директорлар кеңесінің Төрағасы.

Сондай-ақ «Цесна» Корпорациясы» АҚ Директорлар кеңесінің Төрағасы, «Цесна» Қаржы холдингі» АҚ Директорлар кеңесінің Төрағасы, «Цесна Гарант» СК» АҚ Директорлар кеңесінің Төрағасы, «Цесна Капитал» АҚ Директорлар кеңесінің Төрағасы, «Плюс Банк» ЖАҚ Директорлар кеңесінің Төрағасы болып табылады.  

YPO Kazakhstan мүшесі, Астана қ. Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің Төрағасы.  

 

МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ НАГРАДАЛАР:

Ордендер:  экономиканы дамытуға қосқан үлесі, үлгілі қызметі және белсенді қоғамдық қызметі үшін «Кұрмет» ордені, «Құрметті қаржыгер» Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының қоғамдық ордені, ҚР қаржылық секторын дамытуға қосқан зор үлесі үшін «Мерей қоғамдық ордені.  

Медальдар: Қазақстан Республикасы Президентінен «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл», «Теңгеге 20 жыл», «Қазақстан Конституциясына 20 жыл», «Атамекен» ҚР Кәсіпкерлері Ұлттық палатасынан 3-ші дәрежелі «Ісіне алдығы үшін».  

«Қарқынды дамыған бизнес» номинациясында «Жыл кәсіпкері 2012» және «Халықаралық ынтымақтастық» номинациясында «Жыл кәсіпкері 2014» конкурстарының жеңімпазы.  


Сайыстар күнтізбесі