2019 жылы Астанада триатлоннан Әлем Кубогі өтеді

13 September 2018

Австралияда әлемнің 46 елінің өкілдерінің басын қосқан  жыл сайынғы ХХХІ Халықаралық Триатлон Одағының (ITU) конгрессі өтті. Құрлықтық конфедерациялармен қатар ұлттық федерациялардың өкілдері де конгресске қатысты. Олардың арасында Қазақстандық делегация да болды.

Конргесс жиынында биылғы маусым қорытындыланып, триатлон бойынша өткізілетін сайыстардың сапасы, триатлонды әлемдік деңгейде танымал ету секілді маңызды мәселелер талқыланды.

Сондай-ақ кездесуде ұйымның келер жылға қойып отырған жоспарлары бекітілді. Соның ішінде 2019 жылдың жарыстардың кестесі қатысушылар назарына ұсынылды. Нәтижесінде қатысушылар Қазақстанның астанасында 2019 жылдың 15-16 маусымында триатлон бойынша Әлем Кубогының кезеңін өткізуді бір ауыздан мақұлдады.

Конгресс соңында Голд Кост қаласында өтетін жарыстардың ашылу және қатысушы елдерге құрмет көрсету салтанаты болды. Осы сайыстың нәтижесінде қыркүйектің 12-інен 16-сына дейін осы маусымның басты жарысы – әлемдік серияның Гранд-финалының әйелдер мен ерлер арасындағы чемпиондары анықталатын болады.


Reitiñ köşbasşylary
Saıystar kúntizbesi