«TEMIRADAM» Кубогі IX кезеңінің қатысушыларына!

6 August 2019

«TEMIRADAM» Кубогі IX кезеңінің қатысушыларына!

Брифинг 10 тамызда сағат 18.00-де болады.
Мекен-жайы: Орал қаласы, Ахмедиар Хусаинов көшесі, 53, Құрманғазы атындағы саз колледжінің акт залы.
Еске сала кетейік, әрбір спортшы брифингке қатысуға міндетті. Брифингке қатыспаған немесе 5 минуттан аса уақытқа кешіккен спортшыларға сөрелік нөмірлер берілмейді және жарысқа жіберілмейді. Брифингке 5 минутқа дейін кешіккен жағдайда 15 секунд уақыттық айыппұл салыналды.
Брифингке және ресми іс-шараларға алдын-ала тіркелген спортшылар ғана қатыса алады.
Сөрелік нөміріңізді алу үшін жеке куәлігіңіздің түпнұсқасын немесе ҚТФ лицензиясын көрсетуіңіз керек. Сөрелік нөмірлер бөгде кісілерге берілмейді.

Сонымен қатар, осы сайыста дрфтингке және де шосселік велосипедтер мен маунтинбайктерді пайдалануға рұқсат етілгенін еске саламыз. ТТ велосипедтерін пайдалану және аэробарлар орнатуға тыйым салынады. Жалпы қашықтықты бағындурыға 2 сағат уақыт беріледі.

 

 


Сайыстар күнтізбесі