IRONMAN 70.3 Астана нәтижелері

19 June 2018

2018 жылдың 16-17 маусымында Астана қаласында триатлон әлеміндегі ең жарқын сайыстардың бірі BI Group Ironman 70.3 2018 Astana өтті. BI Group Ironman 70.3 2018 Astana халықаралық сайысында әлемнің 47 елінен 1000 астам спортшылар, оның ішінде 700-ге жуық қазақстандық атлет қатысты. 

Дәстүрлі түрде сайыс 16 маусымда 5 және 17 жасар балалар арасындағы сайыстан бастау алды. Балалар жүгіру мен дуатлонда бақ сынасты. Сайыс барысында балалар спорттық белсенділік танытып, осындай мерекеге қуаныштарын білдірді. 

70,3 миль немесе 113 км-ден (жүзу – 1,9 км, жүгіру – 21 км және велоэтап - 90 км) құралатын 17-масуымдағы негізгі жарысқа атақты халықаралық деңгейдегі спортшылармен қатар әуесқой атлеттер де қатысты, олардың қатарынан Қазақстандық Триатлон Федерациясының өкілдері де табылды. Қатысқан жарысушылар арасынан ҚТФ вице-президенті және Алматы Триатлон Федерациясының президенті Галимжан Есенов, ҚТФ атқарушы директоры Асылжан Достияров, Астана Триатлон Федерациясының бас хатшысы және вице-президенті Саят Батпенов, Ақмола облысы Триатлон Федерациясының президенті Сандыбек  Касенов, Қарағанды Триатлон Федерациясының президенті Дмитрий Машенцев, Федерация қызметкерлері Мұрат Әубәкіров пен Нариман Жапаров және басқаларды атап өтуге болады. Қостанай және Оңтүстік Қазақстан облыстары Федерацияларының президенттері Юрий Гринев пен Дандыбай Алимбаев төреші ретінде сайысқа қатысты. Әріптестеріміз жақсы нәтижелерге жетумен қатар, халық арасында триатлонға деген қызығушылықты ұлғайту және жастарды спортқа баулу жолында үлгі көрсетті. 

Қазақстандық триатлеттерге қолдау көрсетуге ҚР Премьер-министрі Б. Сағынтаев, ҚТФ Президенті К. Мәсімов, ҚТФ Вице-президенттері Ә. Жақсыбеков және А. Рахимбев, ҚТФ бас хатшысы М. Крят секілді құрметті қонақтар келді.

Ironman сериясындағы халықаралық сайыстың ТМД елдері арасында алғаш рет еліміздің астанасында өткізіліп отыруымен қатар, Астананың 20 жылдық мерейтойына орай және де оның спорттық астана ретіндегі халықаралық мәртебесін көтеру мақсатында ұйымдастырылғанын атап өткен жөн.


Reitiñ köşbasşylary
Saıystar kúntizbesi