Неліктен триатлон бойынша «Қысқы» чемпионат көктемде өтеді?

20 March 2017

Қысқы чемпионатты ұйымдастыру кезінде, біздің Триатлон Федерациясының командасы талай рет өздеріне мынадай сұрақ қойған еді: «Неліктен «қысқы» деп аталатын чемпионат көктемде өтеді?»

Біз бұл сұрақтың жауабын табуды жөн көрдік.

Атауында қате жоқ. Әрине, кейбір қалаларда, әсіресе Солтүстік Қазақстан облысындағы, наурыз айын қысқы айлар санатына әбден жатқызуға болады. Ал,енді, шындығына келетін болсақ, «қысқы» деп аталуының себебі бір жағынан ауа райы жағдайына да қатысы бар. Бірақ барлығын рет-ретімен баяндайық.

Басты мәселе, мультиспорттық жарыс оның қатысушыларының үш кезеңнен өтуін қамтиды: жүзу, веложарыс және жүгіру.

Бұл жердегі реттілік кездейсоқ емес, қызығы, триатлонның дербес спорт түрі ретінде дами бастаған шағында жүзу кезеңі соңғы кезең болған еді. Веложарыс пен жүгіруден шаршаған атлеттер суда дем алады деген болжам жасалды. Алайда, жарысқа қатысатын спортшылардың саны ұлғайған сайын, қатысушылардың өміріне қауіп төндіретін сәттердің саны да ұлғая түсті. Жүгіру мен велосипедте жүруден кейін шаршаған бұлшық еттердің сіңірі тартыла бастады. Сондықтан жүзу кезеңін жарыстың басына қою туралы шешім қабылданды.

«Қысқы» жарыстардың санаты, оларға лайық маусым болмағандықтан, бір немесе барлық кезеңдердің жабық жерде өткізілуін көздейді.

Сөйтіп, 26 наурызда Шымкент қаласында өтетін чемпионатты екі кезеңге бөлді:

Жабық бассейнде жүзу 9:00-ден бастап

Велокезең мен жүгіру – 14:00-де

Сөйтіп, ауа райы жағдайын ескере отырып, біз триатлеттерге жарыстың басқа кезеңдерін жалғастыру үшін тиісті киім-кешек ауыстыруға уақыт береміз.

Ауа райы жайында айтатын болсақ, синоптиктердің болжамы бойынша жарыс күні шамамен +15 градус күтілуде. Сіздерді қонақ немесе әуесқойлық старт қатысушысы ретінде көруге қуанышты боламыз.

Қолдау көрсеткендері үшін:

- ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитетіне;  

- ОҚО әкімдігіне, Шымкент қ. әкімдігіне; 

-ОҚО Әкімдігінің Дене шынықтыру және спорт басқармасына; 

- Шымкент қ. әкімдігінің Дене шынықтыру және спорт бөліміне; 

- «Қазақстан Триатлон Федерациясы» ҚҰ Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалына алғысымызды білдіреміз. 


Reitiñ köşbasşylary
Saıystar kúntizbesi