Biz týraly
Қазақстандық Триатлон Федерациясы – кәсіби және әуесқой триатлонды дамыту, әлемдік триатлонда алдыңғы қатарлы орындарды иелену және Қазақстан Республикасында салауатты өмір салтын насихаттауды мақсат тұтқан қоғамдық ұйым.
Федерацияның негізгі міндеттері мен мақсаттары - Қазақстан Республикасында бұқаралық триатлонды және жоғарғы жетістікті спортты дамыту. Бұл мақсаттарға жету нақты құқықтың нормалар, критерийлер мен стандарттардың негізінде жүзеге асырылады.
Федерация Қазақстан Республикасындағы барлық спорт объектілерінде әуесқой спортшылардың спортпен айналысуына барлық сәйкес жағдайды жасау мақсатында дене шынықтыру-сауықтыру жұмыстарын атқаруда. ҚТФ тұрғылықты жері бойынша триатлонмен айналысуға жағдай жасай отырып әуесқой спортшылардың санын 10 000 адамға дейін көбейтуді көздеп отыр. Бұл мақсатты жүзеге асыру үшін халықты триатлонмен айналысуға жұмылдыратын «TEMIRADAM» Кубогы ойлап шығарылған.
Жоғарғы жетістікті спортты дамыту үшін дарынды жастарды іздеу, таңдау және даярлау жүйесін үнемі жетілдіріп, жүзеге асырып келеді. Жуырда федерация ұлттық құрама командалардың беделді халықаралық сайыстарға қатысуын көздеп отыр. Соның ішінде құрлықтық Азия чемпионаттарында үздік .штікке кіруін мақсат тұтып отыр. Ең басты мақсат – ұлттық құрама мүшелерінің әйелдер және ерлер санатында Олимпиада ойындарының алтын жүлдесін иеленуі.
Кәсіби триатлонды дамыту мақсатында ҚТФ Алматы мен Нұр-Сұлтанда ғылыми-зерттеу кластерін ашу бастамасын бастады. Кластер спортшылар мансабының басынан бастап жаттығу және сайысу қызметінің ғылымға негізделуіне мүмкіндік туғызады. Осы мақсатты жүзеге асыру жолында ҚТФ құрметті президенті Карим Масимовтың басшылығымен ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен дене «Триатлон. Спорт мектептеріне арналған бағдарлама» атты әдістемелік құрал басылып шығарылды. Алғаш рет Қазақ спорт және туризм академиясында 6В01402 «Дене шынықтыру мұғалімі және триатлон жаттықтырушысы» атты триатлон мамандарын даярлауға арналған оқыту бағдарламасы ашылды. Сонымен қатар, Назарбаев Университетінің Медицина мектебінде спорттық медицина, реабилитация және спорттық аналитика саласында магистратура бағдарламасы ашылып қазақстандық триатлонның ғылыми-зерттеушілік негізі қаланды.
World Triathlon мамандардың біліктілігін арттыруға бағытталған үш кезеңді бағдарламада триатлон төрешілері мен бапкерлерін оқыту арқылы олардың кәсіби біліктілігін арттыруда. Және де бапкерлер мен төрешілердің кәсіби деңгейі ҚТФ-ның түрлі бағдарламаларында оқыту арқылы көтеріліп отырады. Бұл бағдарламаларда жоғарғы санатты шетелдік үздік мамандар дәріс оқиды. Аталған шаралардың барлығы келешекте спортшылардың дарынын жас кезінен-ақ анықтауға мүмкіндік береді.
Тең дәрежеде федерация Қазақстан Республикасының барлық аймақтарында триатлонмен айналысуға арналған материалды-техникалық базаның дамуына жан-жақты қолдау көрсетуде. ҚТФ қатысуымен инфрақұрылымдық спорт объектілері салынуда. Бұлардың негізінде спорттық іс-шаралар мен жаттығу процесстері жүзеге асырылып отырады. 2021 жылы Нұр-Сұлтан, Қарағанды және Ақтөбе қалаларында 3 триатлон парктері салынды. Оларда жүгіру және веложаттығуларын тегін жүргізуге болады. Триатлонды дамытуды мақсат тұтқан Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай және Павлодар облыстарында орналасқан он аймақтық аккредиттелген федерациялар жұмыс атқаруда.
Федерация заманауи медиаресурс қалыптастырды. Ол арқылы салауатты өмір салтының нәтижелері мен жетістіктері насихатталып, зиян әрі бейәлеуметтік өмір салтының қатерлі әсерлері спортшыларға жеткізіліп отыр.
Өз кезегінде ҚТФ халықаралық триатлон деңгейінде белсенді жұмыстар атқаруда. Федерация World Triathlon, Asia Triathlon және Central Asian Triathlon Association сынды халықаралық ұйымдардың танылған мүшесі болып табылады. Федерацияға Нұр-Сұлтанда екі Әлем кубогы, түрлі қалаларда құрлықтық кубоктың бірнеше кезеңдерін өткізу тапсырылды. Бәрінен бөлек, федерация Орталық Азиядағы алғашқы ірі іс-шара Ironman 70.3 Astana додасының ұйымдастырушыларының қатарынан көрінді.
Бүгінде Қазақстандық Триатлон Федерациясы Қазақстанның бүкіл триатлоншылар қауымын біріктіретін әрі жаңа мүмкіндіктер туғызатын бірегей платформа болып отыр.