Рейтинг кестесі 2020

12 March 2020

Назарларыңызға Қазақстандық Триатлон Федерациясының 2020 жылға арналған рейтингтік кестесін ұсынамыз. Бұл кестеге сай ҚТФ аясында және оның қатысуымен өткізілетін сайыстарға қатысқан PRO және Age Group санаттарындағы спортшыларға рейтингтік ұпайлар тағайындалатын болады. Сайыс маусымының соңында ұпайлардың қорытынды саны «TEMIRADAM» Кубогының жеке және клубтық есептегі жеңімпаздарын анықтайтын болады.

2020 жылғы «TEMIRADAM» Кубогының есебіне келесі сайыстар кіретін болады:

1.        «TEMIRADAM» Кубогының І кезеңі, Ташкент, 2-3 мамыр;

2.        «TEMIRADAM» Кубогының ІІ кезеңі, Қостанай, 6-7 маусым;

3.        «TEMIRADAM» Кубогының ІІІ кезеңі, Бішкек, 20-21 маусым;

4.        «TEMIRADAM» Кубогының IV кезеңі, Бурабай, 4-5 шілде;

5.        «TEMIRADAM» V кезеңі, Павлодар, 25-26 шілде;

6.        «TEMIRADAM» Кубогының VI кезеңі, Алматы, 8-9 тамыз;

7.        «TEMIRADAM» Кубогының финалы, Ақтау, 19-20 қыркүйек.

Еске сала кетейік, 2020 жылы кубок кезеңдерінің кем дегенде жартысына қатысып, өз жас тобы мен гендерлік категориясында ең жоғары рейтингтік ұпай жинаған Age Group және PRO санаттарындағы  спортшылар «TEMIRADAM» Кубогының иегері болады. «TEMIRADAM» Кубогының барлық кезеңдеріне қатысқан спортшылар  «TEMIRADAM» құрметті атағына ие болады. ҚТФ клубтық жүйесі аясында құрамында ең жоғары ұпайлар жинаған спортшылары бар клуб - клубтық есептегі жеңімпаз атанады. «TEMIRADAM» Кубогы сайыстарына қатысу үшін жарамды ҚТФ лицензиясы болуы міндетті.

 


Reitiñ köşbasşylary
Saıystar kúntizbesi