27-28 наурызда бапкерлерді оқытуға арналған бірінші дәріс басталмақ

24 March 2021

Қазақстандық Триатлон Федерациясы Қазақстан Республикасындағы триатлон бапкерлерін оқыту және олардың біліктілігін арттыруға бағытталған жұмысын жалғастыруда.

2021 жылға қазақстандық және шетелдік спорт саласындағы мамандардың қатысуымен өткізілетін 8 дәріс жоспарланып отыр. Дәрістерде келесі тақырыптар қамтылмақ:

  • жаттығу процессін құру қағидалары;
  • кезеңдеу;
  • физикалық қасиет түсінігін тереңінен ұғыну;
  • іріктеу әдістері;
  • функционалды тестілеу түрлері;
  • жарақаттың алдын алу;
  • жаттығулардың альтернативті түрлері;
  • спортшыларды дайындаудың барлық кезеңдеріндегі тамақтану қағидалары;
  • спортшы жағдайын спорттық тамақтану, биологиялық белсенді қоспалар мен фармакологиялық заттардың көмегімен ретке келтіру.

#triathlonorgkz 27-28 наурызда бірінші дәріс басталатындығын қуана хабарлайды!

Бірінші дәріс тақырыбы: «Жаттығу процессін құру қағидалары. Спортшыны дайындауға заманауи көзқарас. Физикалық қасиет түсінігін тереңінен ұғыну».

Бірінші дәрісті ҚР тректегі велоспорттан (спринт) Қазақстан құрамасының жаттықтырушысы Валентин Сергеевич Савицкий өткізеді.

В. С. Савицкийдің шәкірттерінің жетістіктері:

  • Қазақстандағы тректегі велоспорттың (спринт) тың жаңа түрінен үш жыл ішінде Олимпиада ойындарына 2 жолдама жеңіп алған;
  • Азия чемпионатында 2 алтын жүлде жеңіп алған;
  • Жасөспірімдер арасында өткен Әлем чемпионатында қола жүлде жеңіп алған;
  • Elite санатында әлемдік рейтингтің үздік бестігіне енген;
  • Elite санатында Әлем чемпионатының үздік алты спортшылары қатарына енген.

Білімі:

  • спорт және дене шынықтыру маманы;
  • диетолог-нутрициолог;
  • спорттық психология.

Еңбектері:

  • тректегі спринтерлік велоспорт бойынша әдестемелік құралдардың авторы;
  • спорт, тағамтану және денсаулық туралы түрлі мақалалары Қазақстан мен Ресейдің беделді интернет ресурстарында жарық көрген;
  • триатлон, пауэрлифтинг, велоспорт, тхэквондо және бокс секілді түрлі спорт түрлерінің мамандары мен бапкерлеріне арналған вебинарлардың лекторы әрі жүргізушісі.

Алғашқы дәріске тіркелу 24 наурызда Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен сағат 10.00 де басталып, 26 наурыз сағат 18.00-де аяқталады.

Қатысу құны - 15.000 тг.

ҚР облыстық маңызы бар әр аймағынан бір бапкер дәрістерге тегін қатыстырылады. Бапкер жоғарғы спорт шеберлігі мектебі немесе балар-жасөспірімдер спорт мектебінің қызметкері болуы тиіс. Жергілікті триатлон федерациясының атынан жөнелтілген хат мұның дәлелі бола алады. Егер бұл аймақта аккредиттелген федерация болмаса, мектеп басшысының қолы қойылған хат болуы қажет.

Тіркелуге сілтеме - https://triathlon.org.kz/coachseminar

Дәріс ZOOM конференциясы арқылы онлайн өтеді.

Өткізілетін күні: 27 наурыз Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен сағат 11.00.

Дәрістің өткізілу ұзақтығы – 2-4 сағат.

Дәріс аяқталғаннан кейін тыңдаушылар тестілеу түріндеу өтетін емтиханды тапсыруға міндетті.

28 наурызда тіркелу кезінде көрсетілген электронды пошталарына емтихан сұрақтары жөнелтіледі. Жауап беруге 28 наурыз сағат 11.00 мен 23.00 аралығы.

Тестілеу нәтижесі 1 сәуірде ZOOM арқылы жарияланады.

Емтиханнан өткен тыңдаушыларға ҚТФ электронды сертификат жібереді.

 

 


Reitiñ köşbasşylary
Saıystar kúntizbesi