Бас бапкермен сұхбат
Таныс болыңыздар, Триатлон бойынша Қазақстан Республикасының бас бапкері, қазақстандық құраманың жаттықтырушысы Дандыбай Көпейұлы Әлімбаев.
Дандыбай Көпейұлы Әлімбаев 1963 жылы 14 қаңтарда Қостанай облысында дүниеге келген. 1980 жылы орта мектепті бітірді. 1982-84 жылдары Кеңес Әскері қатарында әскери борышын өтеді. Одан оралған соң – Алматы қ. Қазақ Дене шынықтыру институтына оқуға түсті, онда 1984-1988 жылдары білім алды. Еңбек жолын 1989 жылы Шымкент қ. жүзу бойынша бапкер ретінде бастады.
1997 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында №5 ОРМБЖСМ (Олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебі) жанында триатлон секциясын ашуға бастамашыл болды.
2016 жылдың маусым айынан бастап Қазақстан Республикасының тритлон бойынша бас бапкері боп тағайындалды. Үйленген, екі баласы бар.
Қазіргі уақытта Дандыбай Көпейұлы құрамамен бірге Қырғызстан, Ыстыққкөл облысы, Чолпон-Ата қ. оқу-жаттықтыру жиынында жүр. Дандыбай Көпейұлы триатлон жанкүйерлерін қызықтыруы мүмкін кейбір сұрақтарға қуана-қуана жауап берді.
- Қалай орналастыңыз? Толыққанды жаттығу процесі үшін барлық қажетті жағдайлар жасалған ба?
- Иә, жақсы орналастық. Жаттығу процесі үшін барлық жағдай жасалған.
- Дандыбай Көпейұлы, айтыңызшы, бұл жиында қандай стратегиялық міндеттер шешіледі?
- Бұл жиында біз түрлі міндеттерді шешеміз, соның ішінде, аэробтық төзімділікті арттыру да бар. Сол себепті жаттығулар орта таулы аймақта ұйымдастырылды.
- Сіздің ойыңызша, команданың моральдық және физикалық дайындығы қалай?
- Орташа деңгейде, алайда, менің ойымша, ол жақын арада жақсаруы тиіс.
- Спортшылар үшін жүктеме мен демалыс қалай мөлшерленеді, сол жайлы баяндап бересіз бе?
- Жаттығулар қатаң түрде жоспар бойынша өткізіледі. Жүктеме күндері қалпына келу күндерімен кезектесіп отырады.
- Сіздердің жаттығу циклдарыңызда «толық» демалыс күндері бар ма?
- Толық демалыс күндері жоқ. Ұзақ кезеңдер спортшыларға кері әсер етеді. Спортшылар жарты күннен бос болатын екі күн бар.
Әңгімеңізге көп рахмет, Дандыбай Көпейұлы. Ал, қазақстандық құраманың барлық жанкүйерлеріне айтарымыз: сабыр сақтап, біздің құрама туралы барлық тың жаңалықтарынан ақлыс қалмаңыздар.