Таженов Арман әуесқой спортшылар Комитетінің төрағасы болып сайланды

10 March 2020

Nomad Triathlon Club клубының негізін қалаушылардың бірі, Ironman 70.3 Astana және Ironman 70.3 Turkey сайыстарының мәрегері Арман Таженов Қазақстандық Триатлон Федерациясының әуесқой спортшылар Комитетінің төрағасы болып сайланды. Ендігіде Арман ҚТФ мен әуесқой триатлоншылар қауымдастығының дәнекері болмақ. Сонымен қатар, ол әуесқойлардың ҚТФ сайыстарына қатысуын, олардың тілек-талаптарын ескере отырып, осы сайыстардың өткізілу сапасын жоғарылатуға ат салысатын болады.

Еске сала кетейік, ҚТФ бірнеше профильді комитеттер жұмыс атқарады. Олар бас хатшының орынбасарының басшылығымен федерацияның түрлі бағыттардағы жұмысын реттейді. Бұрын аталмыш комитеттің төрағасы Астана Триатлон Федерациясының бас хатшысы Саят Батпенов болған.

 

 


Reitiñ köşbasşylary
Saıystar kúntizbesi