Арина Шульгина мен Аян Бейсенбаев Шымкенттегі Азия кубогінде құрмет төрінен көрінді

25 May 2019

Бүгін шырайлы Шымкентте әлемдік деңгейдегі спортшылар бас қосты. Азиялық Триатлон Конфедерациясының (ASTC) бастамасымен Жайлаукөл паркінде қала тарихындағы алғашқы триатлоннан құрлықтық турнир - Shymkent Triathlon Asian Cup өтті. Әлемнің 14 еліненкелген Elite санатындағы 45 спортшы осы тарихи сайыстың жеңімпаздары атағы үшін додаға түсті.

Бір күн бұрын желді де жаңбырлы болған шырайлы мегаполистің ауа-райы сайыскерлердік көңіл-күйін бұзбай, +18С жылы болды. Ал су температурасы +19.5С болды.

Дода ерлердің сөресімен басталып, әйелердің мәресімен аяқталды. Олар «стандартты» қашықтықты бағындырумен болды – 1500 м жүзу, 40 км веложарыс және 10 км жүгіру.

Жанкүйерлер күткендей, жарыс фавориттері үмітті ақтап шықты. Шымкенттік сайысты жеңіп, алтын алқа тағыну үшін сербтың спортшысы Огньен Стояновичке 1 сағат 54 минут 13 снекгд қажет болды. Оған 17 секундқа жол берген ұлттық құрама мүшесі Аян Бейсенбаев күміс алұа тағынды. Үздік үштікті австриялық Лукас Гсталтнер тұйықтады. Ол 1 сағат 55 минут 27 секунд уақыт көрсетті. Сонымен қатар, алғашқы үздік ондықтың қатарынан Темирлан Темиров пен Мейрлан Искаковтар көрінді.

Ал қыздар арасында бірнші орынды румыниялық Антоанела Манак иеленді. Ол өз қарсыластарынан озып, 2 сағат 13 минут 15 секундта мәреге жетті. Бар жоғы 7 секундқа ұтылған Юн унг Жанг күміс жүлдеге ие болды. 2 сағат 15 минут 27 секунд нәтижесі үшін қазақстандық Арина Шульгина қола жүлдегер атанды.

Ендігіде ұлттық құраманы 15-16 маусымда астанамызда болатын Әлем кубогінде көретін боламыз.


Reitiñ köşbasşylary
Saıystar kúntizbesi