Аян Бейсенбаев дуатлоннан Азия чемпионатында топ жарды

15 March 2022

Кеше Бахрейн астанасында дуатлоннан Азия чемпионаты өтті. Сайысқа Аустралия, Бахрейн, Иордания, Қазақстан, Нидерланды, БАӘ және Филиппин елдерінен келген спортшылар қатысты. Elite санатындағы сайыста Қазақстан атынан ұлттық құрама мүшелері Аян Бейсенбаев, Мейрлан Искаков және Темирлан Темиров шықты. Сайыскерлер 10 км жүгіру, 40 км велодода мен тағы 5 км жүгіруден құралған дистанцияны бағындырды.

Ерлер сайысында ақмолалық спортшы Аян Бейсенбаев топ жарды. Ол 01:52:48 нәтижесімен мәреге жетіп, алтын медаль алды. Темиров (01:59:03) сайысты сегізінші орында аяқтаса, Искаков (02:00:12) үздік ондықты тұйықтады.

Екінші орынды аустралиялық Самуель Майлхэм (01:52:49), үшінші орынды нидерланддық Томас Кремерс (01:53:17) иеленді.

Әйелдер сайысының алтын жүлдесін нидерладдық Карин Ньювенхейсен (02:09:57) жеңіп алды. Екінші орында сайысты аустралиялық Алейша Уэсли (02:11:42) тәмамдады. Филиппиндық Марион Ким Мангробанг (02:12:29) үздік үштікті тұйықтады.

Сайыстың толық қорытындысын мына сілтемеден көруге болады.


Reitiñ köşbasşylary
Saıystar kúntizbesi