Африка кубогында Аян Бейсенбаев топ жарды

26 September 2021

Ақтауда финал өтіп жатқан уақытта, Зимбабвенің Ньянга қаласында триатлоннан өткен Африка кубогында ұлттық құрама мүшесі Аян Бейсенбаев топ жарды. Ол спринт қашықтығын 1:01:18 уақытта бағындырып, Elite санатында алтын жүлдеге ие болды.

Екінші және үшінші орындарды Марокконың спортшылары алды: Джавад Абдельмула (1:01:44) мен Бадр Сиване (1:04:18).

Әйелдер санатында бірінші және екінші орындарды ОАР спортшылары иеленді: Ханна Ньюман (1:13:11) мен Бриджет Теуниссен (1:16:08). Үштікті жергілікті спортшы Гриир Уинн (1:21:59) тұйықтады.

Аянды жеңіспен құттықтаймыз!


Reitiñ köşbasşylary
Saıystar kúntizbesi