Александр Винокуров Ironman 70.3 Nice додасында өз жас тобына бірінші орын алды
Атақты Олимиада чемпионы, Қазақстандық Триатлон Федерациясының құрметті мүшесі Александр Винокуров Ironman 70.3 Nice додасында өз жас тобына бірінші орын алып, жеңісін Қазақстан тәуелсіздігінің отыз жылдығына бағыштады.
Кеше Періштелер бұғазы аталып кеткен француздың Ницца қаласында Ironman 70.3 додасы өтті. Сайыскерлер 1900 м жүзу, 90 км велодода мен 21.1 км жүгіру кезеңін бағындырды. Винокуров «жартылай темір» қашықтықты 4:55:22 нәтижесімен тәмамдап, М45-49 жас тобында бірінші орынды иеленді.
«Үш онжылдықта Қазақстан халқы көптеген қиындықтарды бастан кешірді. Үлкен күш-жігердің арқасында таңғаларлықтай нәтижелерге қол жеткізе алдық. Бүгінгі ауыр әрі көп қайрат пен өзіме сенімділікті талап еткен сайыстағы жеңісімді Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің отыз жылдығына арнаймын!», — деп жазды чемпион өзінің Instagram парақшасында.
Винокуров үшін Ниццадағы жеңіс алғашқы емес, ол мұнда 2019 жылы толық қашықтықты бағындырып, Конада өткен Әлем чемпионатына жолмада жеңіп алған болатын.
#triathlonorgkz командасы @alexandrvinokurov жеңіспен құттықтайды!