Андрей Глущенко: карантин аяқталғанда көбірек жүзуді жоспарлап отырмыз

18 July 2020

Қазақстандаға қазіргі эпидемиологиялық жағдай ұлттық құрама командаларға ортақ жаттығу жиындарын өткізуге мүмкіндік бермей отыр. Команда мүшелері үй жағдайында барлық қолда бар құралдарды пайдалана отырып жаттығуға мәжбүр.

Әйтсе де толыққанды дайындық жүргізу мүмкін болмай отыр. Мәселен, триатлоншылардың жүзу жаттығулары тоқтап қалған.

Барлық ахуалды ұлттық құраманың бапкері Андрей Глущенко айтып берді.

«Әр команда мүшесі өз жағдайына қарай дайындық жүргізуде.

Бассейндер жабық болғандықтан жүзу жаттығуларын жүргізу қиындық туғызып тұр. Алайда вело және жүгіруді ешкім тоқтат деген жоқ. Мүмкіндігі барлар веложаттығуды далада жүргізсе, ондай мүмкіндігі жоқтар үй жағдайында станокта жаттығып жатыр.

Бүгінгі кеүнге дейін жүгіруге көбірек мән бердік. Команданың барлығы дерлік 5000 метр қашықтықта жеке рекордтарын орнатты. Осы дистанцияда мүмкіндіктерін шамаладық. Қонысбаевтың көрсеткен нәтижесін атап өту керек – 14.57. Өткен жылдан бері жүгіру деңгейі әлдеқайда жоғарылаған. Өткен жылдың өзінде жүгіру бойынша Азиядағы ең үздік нәтиже осы Қонысбаевқа тиесілі еді. Бейсенбаев 15.21 нәтижесін көрсетті.

Әлемдік триатлондағы жоғарғы орындарды алу мақсатында карантин аяқталғанда көбірек жүзуді жоспарлап отырмыз.»,- деп хабарлады Глущенко.

Дереккөз: https://olympic.kz/


Reitiñ köşbasşylary
Saıystar kúntizbesi