Арлан Жанабай — Азия кубогында үздік үштіктің қатарында!
Арлан Жанабай 30 мамыр күні Қытайдың Тайчжоу қаласында өткен триатлоннан Азия кубогының кезеңінде қола жүлдегер атанды.
Спринттік қашықтықтағы (750 м жүзу, 20,8 км веложарыс, 5 км жүгіру) жарысқа Азия мен әлемнің түрлі елдерінен 95 спортшы қатысты. Қазақстандық триатлоншы 54:43 нәтижесімен мәреге үшінші болып жетіп, жеңімпаздан небәрі 12 секундқа қалып қойды. Мәредегі нәтижелердің тығыздығы өте жоғары болды: алтын және қола жүлде иегерлерінің арасындағы айырмашылық бар болғаны 12 секундты құрады.
Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі орындар төмендегідей бөлінді:
І орын Roman Mineev (AIN) — 54:31
ІІ орын Mingxu Li (Қытай) — 54:34
ІІІ орынАрлан Жанабай (Қазақстан) — 54:43
Арланның кезеңдер бойынша нәтижелері:
Жүзу — 9:22
Веложарыс — 28:50
Жүгіру — 14:36
Тайчжоудағы қола жүлде қазақстандық триатлоншылардың халықаралық аренадағы кезекті табысты өнер көрсетуі болып, World Triathlon рейтингінде маңызды ұпайлар әкелді.

Рус
Eng






